Ауыз су беру қызметтерінің құны субсидиялауға жататын Ұлытау облысының сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы

Ұлытау облысының әкімдігінің 2025 жылғы 25 қарашадағы № 94/03 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 27-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және "Елді мекендердің сумен жабдықтау жүйелерін ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізу өлшем шарттарын бекіту туралы" 2025 жылғы 22 тамыздағы №307 Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығының негізінде, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыз су беру қызметтерінің құны субсидиялауға жататын Ұлытау облысының сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі бекітілсін.

      2. "Ұлытау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Ұлытау облысының әкімдігінің 2023 жылдың 21 шілдесінде бекітілген №36/01 "Ұлытау облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қүнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облысы әкімінің м. а А. Ыдырысов

  Ұлытау облысы әкімдігінің
2025 жылғы "25" қараша
№ 94/03 қаулысына
қосымша

Ауыз су беру қызметтерінің құны субсидиялауға жататын Ұлытау облысының сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі

Сумен жабдықтау жүйелері

Жезқазған қаласы

1.

Жезқазған қаласының сумен жабдықтау жүйесі

Сәтбаев қаласы

2.

Сәтбаев қаласының сумен жабдықтау жүйесі

Жәйрем кенті

3

Жәйрем кентінің сумен жабдықтау жүйесі


Об утверждении перечня систем водоснабжения области Ұлытау, стоимость услуг по подаче питьевой воды которых подлежит субсидированию

Постановление акимата области Ұлытау от 25 ноября 2025 года № 94/03

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 2 статьи 27 Водного кодекса Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", и на основании приказа Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 22 августа 2025 года №307 "Об утверждении Критериев включения систем водоснабжения населҰнных пунктов в перечень систем водоснабжения, стоимость услуг по подаче питьевой воды которых подлежит субсидированию", акимат области Ұлытау ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить перечень систем водоснабжения области Ұлытау, стоимость услуг по подаче питьевой воды которых подлежит субсидированию, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление энергетики и жилищно - коммунального хозяйства области Ұлытау" принять необходимые меры вытекающие из настоящего постановления.

      3. Признать утратившим силу постановление акимата области Ұлытау от 21 июля 2023 года №36/01"Об утверждении перечня особо важных локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения области Ұлытау".

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И. о. акима области Ұлытау А. Идырысов

  Приложение
к постановлению
акимата области Ұлытау
от "25" ноября 2025 год
№ 94/03

Перечень систем водоснабжения области Ұлытау, стоимость услуг по подаче питьевой воды которых подлежит субсидированию

Наименование систем водоснабжения

Город Жезказган

1

Система водоснабжения города Жезказган

Город Сатпаев

2

Система водоснабжения города Сатпаев

Поселок Жайрем

3

Система водоснабжения поселка Жайрем