Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №32941 тіркелген) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі коммуналдық мемлекеттік мекемелерге бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын:
1)Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2)Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Белсенді ұзақ өмір орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа тақырыпта бекітілсін.
3. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
4. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Белсенді ұзақ өмір орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
5. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген коммуналдық мемлекеттік мекемелерді заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдансын.
6. Осы қаулының 1-тармағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелерді бөлу балансы 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
7. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Отбасын қолдау орталығы" және Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Белсенді ұзақ өмір орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылсын.
8. Сайрам ауданы әкімдігінің 2024 жылдың 21 мамырдағы "Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" №172 қаулысы күші жойылды деп танылсын.
9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаевқа жүктелсін.
| Аудан әкімі | А.Сәбитов |
| Сайрам ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 243 қаулысына 1-қосымша |
Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Ескерту. 1-қосымша күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 29.12.2025 № 905 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Сайрам ауданы әкімдігінің2024 жылғы 20 маусымдағы № 243 қаулысына 2-қосымша |
Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Осы ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңына, "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына және басқа қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес құрастырылды.
3. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (ары қарай - "мекеме") жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйым болып табылады.
Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтық мирасқоры болып табылады.
4. Мемлекеттік мекеменің меншік түрі: Коммуналдық.
5. Мемлекеттік мекеме Сайрам ауданы әкімдігінің 2024 жылғы маусымдағы № 243 қаулысымен құрылды.
6. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы – Сайрам ауданының әкімдігі болып табылады.
7. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган "Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
8. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, индекс 160800, Сайрам ауданы, Ақсу ауылы, Саттарханов көшесі №60
2. Мекеменің заңдық мәртебесі
9. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Орталықтың атауы жазылған мөрі, бланкілері болады.
10. Мекеме басқа заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
11. Мекеме өзінің міндеттемелері бойынша кепілдігіндегі ақшамен жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша құрылтайшы тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапта болады.
12. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
3. Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
13. Мекеме қызметінің мәні аудан аумағында мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру болып табылады.
14. Мекеме қызметінің мақсаты:
1) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;
2) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;
3) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсету;
4) мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
5) жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
6) мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау;
7) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары қатысуымен өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;
8) тұрмыстық зорлық - зомбылық профилактикасы бойынша өзге де шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асыру;
9) консультациялық көмекті жүзеге асырады, бағалау жүргізеді және адамның (отбасының) мемлекеттік қолдау шараларына мұқтаждығын айқындайды;
10) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қамту жөніндегі жұмысты ерте анықтау және үйлестіру жөніндегі мобильді топтардың жұмысын ұйымдастырады, өз құзыреті шегінде өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) жан-жақты қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіреді;
11) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдардың уақытша тұруын ұйымдастырады;
12) отбасын нығайтуға, оның ішінде отбасын құруға, адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік қолдау шаралары туралы халықтың хабардар болуын арттыруға, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған халық арасында оқыту және ағарту іс-шараларын жүргізуді жүзеге асырады.
13 талдамалық жазбалар мен есептер жасайды, адамдарға (отбасыларға) көрсетілетін көмек пен қолдаудың тиімділігіне мониторинг жүргізеді.
14. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту және аудан аумағында тұратын көпбалалы, аз қамтылған және толық емес отбасылардың қиын жағдайларын еңсеруде ынтасын арттыру және қаржылық жағдайын түзеу.
15. Мекемеге осы ережеде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тиым салынады.
4. Мекемені басқару
16. Мекемені басқаруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
17. Тиісті саланың уәкілетті органы заңмен белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мекемеге мүлікті бекітіп береді;
2) мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;
3) мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
4) мекеме жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
5) мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
6) Мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
7) мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісім береді;
10) жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша мекемені қайта құру және тарату туралы шешім қабылдайды;
11) осы ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
18. Мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Сайрам ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Мекеме басшысы тиісті саланың өкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органмен тағайындалатын қызметкерлерден басқа мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады.
20. Мекеме басшысы мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, жергілікті атқарушы органға тікелей бағынады және мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
21. Мекеме басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда (ережеде) айқындалатын оның құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді.
22. Мекеме басшысының жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.
23. Мекеме басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мекеменің мүдделерін білдіреді;
3) келісім шарттар жасасады;
4) сенімхат береді;
5) мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді отандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері жөніндегі жоспарларын бекітеді;
6) банктік шоттар ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеме қызметкерлерін көтермелеу шараларын қолданады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
9) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мекеменің өзге де басшылық қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін айқындайды;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы жарғыда (ережеде) және жергілікті атқарушы органда өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
24. Мекеменің мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, олардың құны оның балансында көрсетіледі.
Мекеменің мүлкі:
1) меншік иесі оған берген мүлік;
2) өз қызметі барысында сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден;
25. Мекеме өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.
26. Мекеменің қызметін бюджеттен жергілікті атқарушы орган қаржыландырады.
27. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілікті ұсынады.
28. Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді және тексеруді Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
6. Мекемедегі жұмыс режимі
29. Мекеменің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
30. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі және "заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы"Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.
8. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
31. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.
32. Мемлекеттік заңды тұлға заң актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша таратылады.
33. Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған мекеменің мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.
34. Кредит берішілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған, осы заңды тұлғаның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, таратылған мекеменің ақшасы тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
| Сайрам ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 243 қаулысына 3-қосымша |
Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Белсенді ұзақ өмір орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 09.09.2025 № 590 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Сайрам ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 243 қаулысына 4-қосымша |
Бөлу балансы Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы", Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Отбасын қолдау орталығы" мен Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Белсенді ұзақ өмір орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің құқықтық мирасқоры Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 01.01.2024 ж.
АКТИВТЕР | Код | Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ | Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Отбасын қолдау орталығы" КММ | Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Белсенді ұзақ өмір орталығы" КММ | |||
есепті жылдың басында | есепті күні | есепті жылдың басында | есепті күні | есепті жылдың басында | есепті күні | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
I. Қысқа мерзiмдi активтер | |||||||
Ақшалай қаражат және олардың баламалары | 010 | 0.00 | 0.00 | 0 | |||
Қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары | 011 | ||||||
Бюджеттiк төлемдер бойынша қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек | 012 | ||||||
Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек | 013 | ||||||
Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң қысқа мерзiмдi дебиторлық берешегi | 014 | ||||||
Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек | 015 | ||||||
Алынуға тиiстi қысқа мерзiмдi сыйақылар | 016 | ||||||
Қызметкерлердiң қысқа мерзiмдi дебиторлық берешегi | 017 | ||||||
Жал бойынша қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек | 018 | ||||||
Өзге қысқа мерзiмдi дебиторлық берешектер | 019 | ||||||
Қорлар | 020 | 2 991.90 | 0.00 | 0 | |||
Берiлген қысқа мерзiмдi аванстар | 021 | ||||||
Өзге қысқа мерзiмдi активтер | 022 | ||||||
Салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша бюджетпен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек | 023 | ||||||
Қысқа мерзiмдi активтердiң жиыны | 100 | 2 991.90 | 0.00 | 0.00 | 0.00 | 0.00 | 0.00 |
II. Ұзақ мерзiмдi активтер | |||||||
Ұзақ мерзiмдi қаржылық инвестициялары | 110 | ||||||
Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң ұзақ мерзiмдi дебиторлық берешегi | 111 | ||||||
Жал бойынша ұзақ мерзiмдi дебиторлық берешек | 112 | ||||||
Өзге ұзақ мерзiмдi дебиторлық берешектер | 113 | ||||||
Негiзгi құралдар | 114 | 1 510.60 | 30.60 | 167 537.90 | |||
Аяқталмаған құрылыс және күрделi салымдар | 115 | ||||||
Инвестициялық жылжымайтын мүлiк | 116 | ||||||
Биологиялық активтер | 117 | ||||||
Материалдық емес активтер | 118 | ||||||
Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын ұзақ мерзiмдi қаржылық инвестициялар | 119 | ||||||
Өзге ұзақ мерзiмдi активтер | 120 | ||||||
Ұзақ мерзiмдi активтердiң жиыны | 200 | 1 510.60 | 0.00 | 30.60 | 0.00 | 167 537.90 | 0.00 |
БАЛАНС | 4 502.50 | 0.00 | 30.60 | 0.00 | 167 537.90 | 0.00 | |
МIНДЕТТЕМЕЛЕР, ТАЗА АКТИВТЕР/КАПИТАЛ | |||||||
Қысқа мерзiмдi қаржылық мiндеттемелерi | |||||||
Бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек | 2 | 3 | 4 | 5 | 4 | 5 | 6 |
Бюджетке төленетiн төлемдер бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек | |||||||
Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек | 210 | ||||||
Басқа да мiндеттi және ерiктi төлемдер бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек | 211 | ||||||
Жеткiзушiлерге және мердiгерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек | 212 | ||||||
Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек | 213 | ||||||
Стипендианттарға қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек | 214 | ||||||
Қызметкерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек | 215 | ||||||
Төленуге тиiстi қысқа мерзiмдi сыйақылар | 216 | ||||||
Жал бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек | 217 | ||||||
Өзге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешектер | 218 | ||||||
Қысқа мерзiмдi бағалау және кепiлдiк мiндеттемелерi | 219 | ||||||
Өзге қысқа мерзiмдi мiндеттемелерi | 220 | ||||||
Бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек | 221 | ||||||
Қысқа мерзiмдi мiндеттемелерiнiң жиыны | 222 | ||||||
IV. Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер | 223 | ||||||
Ұзақ мерзiмдi қаржылық мiндеттемелер | 224 | ||||||
Жеткiзушiлерге және мердiгерлерге ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешек | 300 | 0.00 | 0.00 | 0.00 | 0.00 | 0.00 | 0.00 |
Жал бойынша ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешек | |||||||
Бюджет алдындағы ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешек | 310 | ||||||
Ұзақ мерзiмдi бағалау және кепiлдiк мiндеттемелерi | 311 | ||||||
Өзге ұзақ мерзiмдi мiндеттемелерi | 312 | ||||||
Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелерiнiң жиыны | 313 | ||||||
V. Таза активтер/капитал | 314 | ||||||
Өзге ұзақ мерзiмдi мiндеттемелерi | 315 | ||||||
Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелерiнiң жиыны | 400 | ||||||
V. Таза активтер/капитал | |||||||
Күрделі салымдарды сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен қаржыландыру | 410 | ||||||
Резервтер | 411 | ||||||
Жинақталған қаржылық нәтиже | 412 | 4 502.50 | 30.60 | 0.00 | 167 537.90 | ||
Таза активтер/капитал жиыны | 500 | 4 502.50 | 0.00 | 30.60 | 0.00 | 167 537.90 | 0.00 |
БАЛАНС | 4 502.50 | 0.00 | 30.60 | 0.00 | 167 537.90 | 0.00 | |
Баланстан тыс шоттар | |||||||
Жалға алынған активтер | 610 | ||||||
Жауаптылықпен сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар | 620 | ||||||
Қатаң есептегi бланктер | 630 | ||||||
Төлеуге қабiлетсiз дебиторлардың есептен шығарылған берешегi | 640 | ||||||
Қайтарылмаған материалдық құндылықтар үшiн оқушылар мен студенттердiң берешегi | 650 | ||||||
Кепілі спорттық жүлделерi мен кубоктары | 660 | ||||||
Жолдамалар | 670 | ||||||
Әскери техниканың оқулық құралдары | 680 | ||||||
Мәдени мұра активтерi | 690 | ||||||
Жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүлік меншігіне айналдырылған (түскен) бағаланған | 700 | ||||||