Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Белсенді ұзақ өмір орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы"

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 590 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне,"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" №590 қаулысына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Белсенді ұзақ өмір орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қауылының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы ережені әілет органдарында тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Сайрам ауданы әкімдігінің 2024 жылдың 20 маусымдағы "Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" №243 қаулының 3-қосымшасының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Сайрам ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Аудан әкімінің міндетін уақытша атқаушы С.Дүйсебаев

  Сайрам ауданы әкімдігінің
"09" қыркүйектегі 2025 жылғы
№ 590 қаулысына
қосымша

Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Белсенді ұзақ өмір орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Белсенді ұзақ өмір орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      2. Осы ереже Қазақстан Республикасының "Азаматтық кодексіне", Қазақстан Республикасының "Әлеуметтік кодексіне", Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту, "Халықты уралы" Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі "Белсенді ұзақ өмір" іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2021 жылғы 22 ақпандағы №47 бұйрығына және басқа қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес құрастырылды.

      3. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Белсенді ұзақ өмір орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (ары қарай - мекеме), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Белсенді ұзақ өмір орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтық мирасқоры болып табылады.

      4. Мемлекеттік мекеменің меншік түрі:Коммуналдық.

      5. Мемлекеттік мекеме 2024 жылғы 20 маусымдағы №243 Сайрам ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылды.

      6. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы – Сайрам ауданының әкімдігі болып табылады.

      7. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган "Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады.

      8. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, 160800, Сайрам ауданы Ақсу ауылы, Б. Саттарханова көшесі № 60.

2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

      9. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

      10. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.

      11. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепілдігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша құрылтайшы тиісті бюджет қаражатымен субсидиярлық жауапта болады.

      12. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

      13. Орталық қызметінің мәні жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

      Орталық қызметінің мәні мен мақсаты: Зейнет жасындағы азаматтармен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы жоқ, мүгедектігі бар өзіне-өзі қызмет көрсете алатын қызмет алушыларға жағдайын жақсарту мақсатында салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау, өзіне-өзі қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған адамдарға медициналық, психологиялық, тұрмыстық, құқықтық қызметтерін және бос уақыттарын пайдалы әрі тиімді өткізудің кешенін ұсыну, олардың белсенді өмір салтын ынталандыру және физикалық-психологиялық жағдайын жақсарту, олардың белсенді зияткерлік, шығармашылық, қоғамдық қызметке және ұрпақтар сабақтастығына тартылуына жәрдемдесуге бағытталған жүйелі мәдени - демалыс жұмысы үшін инфрақұрылым құру болып табылады.

      – зейнеткерлермен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы жоқ, мүгедектігі бар өзіне-өзі қызмет көрсете алатын азаматтарды әлеуметтендіру үшін қолжетімді жағдайлар жасау, "Белсенді ұзақ өмір" концепциясын ұстану;

      – арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;

      – белсенді ұзақ өмір сүрудің жеке жоспарларын әзірлеу;

      – әлеуметтік тәуекелдер мен өмірлік қиын жағдайлардың алдын алу;

      – мақсатты топтардың қажеттіліктерін талдау және орталық қызметінің тиімділігін бақылау үшін мәліметтер қорын жинау.

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      1) зейнеткерлермен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы жоқ, мүгедектігі бар өзіне-өзі қызмет көрсете алатын азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету, қызмет көрсетуді тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын айқындайды;

      2) зейнеткерлермен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы жоқ, мүгедектігі бар өзіне-өзі қызмет көрсете алатын азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, оларды белсенді зияткерлік, шығармашылық, қоғамдық қызметке және ұрпақтар сабақтастығына тартуға бағытталған жүйелі мәдени-демалыс жұмыстарының инфрақұрылымын құру;

      3) зейнеткерлермен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы жоқ, мүгедектігі бар өзіне-өзі қызмет көрсете алатын азаматтарға ақпараттық-кеңес беру, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсету.

      15. Функциялары:

      1) зейнеткерлермен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы жоқ, мүгедектігі бар өзіне-өзі қызмет көрсете алатын азаматтарды медициналық емес сипаттағы сауықтыру іс-шараларымен қамтамасыз ету;

      2) зейнеткерлермен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы жоқ, мүгедектігі бар өзіне-өзі қызмет көрсете алатын азаматтарға әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету;

      3) 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы жоқ, мүгедектігі бар өзіне-өзі қызмет көрсете алатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету;

      4) 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы жоқ, мүгедектігі бар адамдарға мүмкін болатын еңбек қызметіне жәрдемдесу;

      5) 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы жоқ, мүгедектігі бар және зейнеткерлік жастағы азаматтардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру;

      6) 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы жоқ, мүгедектігі бар және зейнеткерлік жастағы азаматтардың белсенді өмір салтын сақтау.

      16. Коммуналдық мекеме қызметінің мәні:

      - зейнеткерлік жастағы азаматтарға және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы жоқ,мүгедектігі барөзіне-өзі қызмет көрсете алатын азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.

      17. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты :

      1) денсаулық сақтау, білім беру және басқада қоғамдық органдармен бірлесіп арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж, зейнеткерлік жастағы азаматтарды және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы жоқ, мүгедектігі бар адамдарды есепке алу;

      2) зейнеткерлік жастағы азаматтарды және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік зерделеу, оның мүддесі мен мұқтаждығын білу мақсатында қоршаған микроортаны зерделеу;

      3) зейнеткерлік жастағы азаматтарды және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы жоқ мүгедектігі бар адамдардың бос уақытын ұйымдастыру (ойындар ойнату, кітаптар, газет, журналдар оқу, оларды талқылау, кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және т,б);

      4) зейнеткерлік жастағы азаматтарды және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы жоқ, мүгедектігі бар адамдармен жеке және топтық ісшаралар (семинар-тренингтер мастер-класстар және т.б.) ұйымдастыру арқылы ағарту-профилактикалық жұмыстарын жүргізу;

      5) арнайы медициналық жәрдем алуға және медициналық қызмет көрсетуге, атап айтқанда шұғыл жағдайларда бірінші медициналық көмек көрсету;

      6) консультативтік, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар беру мәселелері бойынша көмек көрсету;

      7) аз қамтамасыз етілгендер қатарындағы 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы жоқ, мүгедектігі бар адамдардың отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге құжаттар рәсімдеуге кеңес беру;

      8) жеке оңалту бағдарламасы бойынша протез-ортопедиялық бұйымдармен, техникалық және өзге де құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      9)18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы жоқ, мүгедектігі бар және зейнеткерлік жастағы азаматтарды әлеуметтендіру үшін қолжетімді жағдайлар жасау;

      10) 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы жоқ, мүгедектігі бар және зейнеткерлік жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, оларды белсенді зияткерлік, шығармашылық, қоғамдық қызметке және ұрпақтар сабақтастығына тартуға бағытталған жүйелі мәдени-демалыс жұмыстарының инфрақұрылымын құру;

      18. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      – әлеуметтік - тұрмыстық;

      – әлеуметтік - медициналық;

      – әлеуметтік - психологиялық;

      – әлеуметтік - педагогикалық;

      – әлеуметтік - мәдени қызмет;

      – әлеуметтік - экономикалық;

      – әлеуметтік - құқықтық;

      – әлеуметтік - еңбек.

      19. Коммуналдық мемлекеттік мекемеге бекітілген осы ережеде өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

4. Коммуналдық мемелекеттік мекемені басқару

      20. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқаруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

      21. Тиісті саланың уәкілетті органы заңмен белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

      2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      3) коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      4) коммуналдық мемлекеттік мекеме жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

      6) коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымнан босату негіздерін айқындайды;

      7) коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

      8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

      9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алынған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісімін береді;

      10) жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату туралы шешім қабылдайды;

      11) осы ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      22. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Сайрам ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      23. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органның тағайындайтын қызметкерлерден басқа, Орталық қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      24. Орталық басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Орталық қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда (ережеде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

      25. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың жергілікті атқарушы органына тікелей бағынады және коммуналдық мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

      26. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және коммуналдық мемлекеттік мекеме қызетінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда (ережеде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

      27. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға. бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

      28. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін жүзеге асыру барысында коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) коммуналдық мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет ете алады;

      2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

      3) шарттар жасайды;

      4) сенімхаттар береді;

      5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің іс-сапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      6) банк шоттарын ашады;

      7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      8) тиісті саланың өкілетті органының келісімімен орынбасарын, ал коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жеке жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      9) коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;

      10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және коммуналдық мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын айқындайды;

      11) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен (ережемен) және жергілікті атқарушы органның жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

      29. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің құны оның теңгерімде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды.

      Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналар:

      1) оған меншік иесі берген мүлік;

      2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.

      30. Коммуналдық мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.

      31.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті саланың жергілікті атқарушы органы қаржыландырады.

      32. Коммуналдық мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

      33. Коммуналдық мемлекеттік мекемеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

6. Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

      34. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      35. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.

8. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары.

      36. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      37. Мемлекеттік заңды тұлға, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

      38. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

      39. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.

      40. Таратылған коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады