Алматы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңартылған

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XVI сессиясының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 111 шешiмi.

      Ескерту. 01.05.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2 тармағымен.

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М. Отыншиев

  Алматы қаласы мәслихатының
2024 жылғы 15 сәуірдегі
№ 111 шешіміне
қосымша

      Ескерту. Тарифтер жаңа редакцияда – VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектi XLVI сессиясының 10.06.2026 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Алматы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Бағасы, теңгемен (16% ставка бойынша ҚҚС-ты ескере отырып)

1

Айына абаттандырылған және абаттандырылмаған секторлардың 1 тұрғынына халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф

744,1*

2

1 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф

3 832,5

      Ескерту:

      Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтардың жекелеген санаттары үшін мынадай мөлшерде жеңілдіктер көзделген:

      100% жеңілдік – Ұлы Отан соғысының қатысушыларына;

      50% жеңілдік – Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге, I топтағы мүгедектігі бар адамдарға, көп балалы аналарға, оның ішінде балаларға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, мүгедек балаларға, жетім балаларға;

      25% жеңілдік – II топтағы мүгедек адамдарға және халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне.

      Жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі және тиісті санатқа жататынын растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда тұтынушы өтініш берген күннен бастап есеп айырысу кезінде қолданылады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады