Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Алматы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 111 шешіміне (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 195697 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
қосымшада:
Алматы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |
| Алматы қаласы мәслихатының | |
| 2026 жылғы 10 маусымдағы | |
| № 308 шешіміне қосымша | |
| Алматы қаласы мәслихатының | |
| 2024 жылғы 15 сәуірдегі | |
| № 111 шешімімен бекітілген |
Алматы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
№ | Атауы | Бағасы, теңгемен (16% ставка бойынша ҚҚС-ты ескере отырып) |
1 | Айына абаттандырылған және абаттандырылмаған секторлардың 1 тұрғынына халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф | 744,1* |
2 | 1 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф | 3 832,5 |
Ескерту:
Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтардың жекелеген санаттары үшін мынадай мөлшерде жеңілдіктер көзделген:
100% жеңілдік – Ұлы Отан соғысының қатысушыларына;
50% жеңілдік – Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге, I топтағы мүгедектігі бар адамдарға, көп балалы аналарға, оның ішінде балаларға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, мүгедек балаларға, жетім балаларға;
25% жеңілдік – II топтағы мүгедек адамдарға және халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне.
Жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі және тиісті санатқа жататынын растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда тұтынушы өтініш берген күннен бастап есеп айырысу кезінде қолданылады.
