2025 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы 27 қарашадағы № 284/2 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына және 62-бабының 6-2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Байханов

  қаулысына қосымша

2025 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде
балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы әкімдігінің 10.12.2025 № 320/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қосымша білім беру бағыттарының түрлері

Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілер саны

Бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге

1

Ғылыми-техникалық

478

13016

2

Туристік-өлкетану

350

13016

3

Экологиялық-биологиялық

409

13016

4

Көркемдік-эстетикалық

620

13016

5

Әлеуметтік-педагогикалық

545

13016

6

Гуманитарлық

625

13016

7

Жаратылыстану-математикалық

410

13016

Барлығы:

3437



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады