Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына және 62-бабының 6-2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | А. Байханов |
| қаулысына қосымша |
2025 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде
балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы әкімдігінің 10.12.2025 № 320/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Қосымша білім беру бағыттарының түрлері | Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілер саны | Бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге |
1 | Ғылыми-техникалық | 478 | 13016 |
2 | Туристік-өлкетану | 350 | 13016 |
3 | Экологиялық-биологиялық | 409 | 13016 |
4 | Көркемдік-эстетикалық | 620 | 13016 |
5 | Әлеуметтік-педагогикалық | 545 | 13016 |
6 | Гуманитарлық | 625 | 13016 |
7 | Жаратылыстану-математикалық | 410 | 13016 |
Барлығы: | 3437 | ||