Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы 27 қарашадағы "2025 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" № 284/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 320/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына және 62-бабының 6-2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы 27 қарашадағы "2025 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" № 284/2 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулы қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Байханов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2025 жылғы "___" ______
№ _______ қаулысына
қосымша

2025 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде
балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Қосымша білім беру бағыттарының түрлері

Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілер саны

Бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге

1

Ғылыми-техникалық

478

13016

2

Туристік-өлкетану

350

13016

3

Экологиялық-биологиялық

409

13016

4

Көркемдік-эстетикалық

620

13016

5

Әлеуметтік-педагогикалық

545

13016

6

Гуманитарлық

625

13016

7

Жаратылыстану-математикалық

410

13016

Барлығы:

3437



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады