"Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 3144 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 40-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыны Өскемен қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 23.12.2025 № 4038 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ж. Омар

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2022 жылғы "16" қыркүйектегі
№ 3144 қаулысымен бекітілген

"Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі

Тарау-1. Жалпы ережелер

      1. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) мәдениет және тілдерді дамыту салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігімен бекітіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 23.12.2025 № 4038 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 29, пошталық индексі 492019.

      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) мәдени құндылықтарды жаңғырту, сақтау, дамыту және тарату, оларға адамдарды баулу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру;

      2) мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту, сондай-ақ олардың қоғамдық қолданыс саласын кеңейту.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сай мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзіреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;

      қаланың мәдени мақсаттағы объктілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болуға;

      шығармашылық одақтармен, ұлттық-мәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктермен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыруға;

      бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың басшыларына қажетті тапсырмалар беру;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      мемлекеттік және басқа да тілдерді дамытуға бағытталған қалалық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге;

      шығармашылық ұжымдардың, жеке орындаушылардың облыстық, республикалық көлемдегі байқауларға, фестивальдар мен конкурстарға қатысуын қамтамасыз етуге;

      қаланың экономикалық бейінін, халықтың ұлттық құрамын ескере отырып, кітапханалардың кітап қорларын жоспарлы түрде іріктеуді, толықтыруды және оны бақылауды қамтамасыз етуге;

      көрнекі ақпаратты рәсімдеу бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарға, мекемелерге әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыруға;

      жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін мерзімінде және жан-жақты қарауды объективті түрде қамтамасыз етуге;

      бөлім әзiрлеушi болып табылатын қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингiн жүзеге асыруға және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге және олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдауға;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялар:

      1) қаланың музыка, кітапхана ісі, мәдени-сауық саласындағы коммуналдық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметіне қолдау көрсету және үйлестіруді жүзеге асыру;

      2) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      3) қаланың сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдар және конкурстар өткізуді жүзеге асыру;

      4) қаланың коммуналдық мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;

      5) өз құзыретi шегiнде мәдениет саласындағы коммуналдық меншiктi басқаруды жүзеге асыру;

      6) қаланың мәдени мақсаттағы объектiлерiн салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

      7) коммуналдық мемлекеттік мәдениет ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуде ықпал ету және қолдау;

      8) қаланың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін беру;

      9) бюджет қаражаты шегінде балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекіту;

      10) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерінде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз ету;

      11) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз ету;

      12) қаланың аумағында орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және жергілікті атқарушы органына ақпаратты, сондай-ақ белгіленген нысандағы статистикалық есептерді ұсынады;

      13) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерді дамытуға жәрдемдесу;

      14) жұртшылықты тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтау және кеңінен таныту жөнiндегі iс-шараларды жүргiзуге тарту;

      15) облыстың жергiлiктi атқарушы органына немесе уәкiлеттi органға өздерінің құзыреті шегiнде тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң бүлiнуiн, бұзылу қатерін жою туралы хабар беру;

      16) тарихи-мәдени мұра объектілерін жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосу туралы ұсыныстар енгізу;

      17) маңдайшаны қалада орналастыру туралы хабарламаларды Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру;

      18) мемлекеттік және басқа да тілдерді дамытуға бағытталған қалалық деңгейдегі іс-шараларды өткізу;

      19) облыстың атқарушы органдарына ауылдардың атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын халықтың пiкiрiн ескере отырып, өзгерту туралы ұсыныстар енгiзу;

      20) қаладағы, алаңдардың, даңғылдардың, желекжолдардың, көшелердiң, тұйық көшелердiң, саябақтардың, скверлердiң, көпiрлердiң және қаланың басқа да құрамды бөлiктерiнiң атауы және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту жөнiндегi жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;

      21) заңды тұлғаларға қоғамдық-мәдени бұқаралық іс-шараларда фейерверктерді қолдануға заңнамада белгіленген тәртіппен рұқсат беру;

      22) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау:

      Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін;

      мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін;

      Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын бұзғаны үшін;

      23) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;

      24) мекеменің құзыреті шегінде әкімнің және қала әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

      25) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 23.12.2025 № 4038 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлім басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзіретіне сәйкес Бөлім қызметінің мәселелерін шешеді;

      2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;

      3) Бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;

      4) барлық ұйымдарда Бөлімінің мүдделерін ұсынады;

      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;

      6) Бөлімнің құрылымын дербес айқындайды;

      7) заңнамамен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 23.12.2025 № 4038 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлім мүлік оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

      Бөлім бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      Өскемен қаласы әкімдігінің "Самғау" мәдени қызметті және жаппай спортты дамыту орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны; Өскемен қаласы әкімдігінің "Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Өскемен қаласы әкімінің орынбасары И. Смит

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады