1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 3144 "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Бөлімнің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігімен бекітіледі.".
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Функциялар:
1) қаланың музыка, кітапхана ісі, мәдени-сауық саласындағы коммуналдық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметіне қолдау көрсету және үйлестіруді жүзеге асыру;
2) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
3) қаланың сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдар және конкурстар өткізуді жүзеге асыру;
4) қаланың коммуналдық мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;
5) өз құзыретi шегiнде мәдениет саласындағы коммуналдық меншiктi басқаруды жүзеге асыру;
6) қаланың мәдени мақсаттағы объектiлерiн салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
7) коммуналдық мемлекеттік мәдениет ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуде ықпал ету және қолдау;
8) қаланың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін беру;
9) бюджет қаражаты шегінде балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекіту;
10) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерінде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз ету;
11) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз ету;
12) қаланың аумағында орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және жергілікті атқарушы органына ақпаратты, сондай-ақ белгіленген нысандағы статистикалық есептерді ұсынады;
13) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерді дамытуға жәрдемдесу;
14) жұртшылықты тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтау және кеңінен таныту жөнiндегі iс-шараларды жүргiзуге тарту;
15) облыстың жергiлiктi атқарушы органына немесе уәкiлеттi органға өздерінің құзыреті шегiнде тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң бүлiнуiн, бұзылу қатерін жою туралы хабар беру;
16) тарихи-мәдени мұра объектілерін жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосу туралы ұсыныстар енгізу;
17) маңдайшаны қалада орналастыру туралы хабарламаларды Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру;
18) мемлекеттік және басқа да тілдерді дамытуға бағытталған қалалық деңгейдегі іс-шараларды өткізу;
19) облыстың атқарушы органдарына ауылдардың атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын халықтың пiкiрiн ескере отырып, өзгерту туралы ұсыныстар енгiзу;
20) қаладағы, алаңдардың, даңғылдардың, желекжолдардың, көшелердiң, тұйық көшелердiң, саябақтардың, скверлердiң, көпiрлердiң және қаланың басқа да құрамды бөлiктерiнiң атауы және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту жөнiндегi жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;
21) заңды тұлғаларға қоғамдық-мәдени бұқаралық іс-шараларда фейерверктерді қолдануға заңнамада белгіленген тәртіппен рұқсат беру;
22) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау:
Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін;
мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін;
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын бұзғаны үшін;
23) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
24) мекеменің құзыреті шегінде әкімнің және қала әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзіретіне сәйкес Бөлім қызметінің мәселелерін шешеді;
2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;
3) Бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;
4) барлық ұйымдарда Бөлімінің мүдделерін ұсынады;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
6) Бөлімнің құрылымын дербес айқындайды;
7) заңнамамен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.";
қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыны Өскемен қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.".
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Өскемен қаласының әкімі | А. Акышов |
