Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а)-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 56-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 276-VIII ҚРЗ.

      2016 жылғы 6 қазанда Монреальда жасалған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а)-бабын өзгертуге қатысты хаттама және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 56-бабын өзгертуге қатысты хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  БЕЙРЕСМИ АУДАРМА

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯНЫҢ 50 а)-БАБЫН ӨЗГЕРТУГЕ ҚАТЫСТЫ ХАТТАМА

2016 жылғы 6 қазанда Монреальда қол қойылған

      ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ АССАМБЛЕЯСЫ

      2016 жылғы 1 қазанда Монреальда өзінің отыз тоғызыншы сессиясына ЖИНАЛА ОТЫРЫП,

      Уағдаласушы мемлекеттердің көпшілігі Уағдаласушы Мемлекеттердің неғұрлым кең өкілдігі есебінен дұрыс теңгерімділікті қамтамасыз ету мақсатында Кеңес мүшелерінің санын ұлғайтуға ниет білдіретінін АТАП ӨТЕ ОТЫРЫП,

      Осы орган мүшелерінің санын отыз алтыдан қырыққа дейін көбейту орынды деп ЕСЕПТЕЙ ОТЫРЫП,

      Жоғарыда аталған мақсатпен 1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода жасалған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны өзгерту қажет деп ЕСЕПТЕЙ ОТЫРЫП,

      1. Жоғарыда аталған Конвенцияның 94-бабы а) тармағының ережелеріне сәйкес аталған Конвенцияға ұсынылған мынадай түзетуді БЕКІТЕДІ:

      "Конвенцияның 50 а)-бабының екінші сөйлеміндегі "отыз алты" деген сөздер "қырық" деген сөзбен ауыстырылсын.";

      2. Аталған Конвенцияның 94-бабының аталған а) тармағының ережелеріне сәйкес жоғарыда аталған түзету бір жүз жиырма сегіз Уағдаласушы мемлекет оны ратификациялағаннан кейін күшіне енетінін БЕЛГІЛЕЙДІ;

      3. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Бас хатшысы жоғарыда аталған түзетуді енгізу туралы Хаттаманың орыс, ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдеріндегі бірдей теңтүпнұсқалы мәтіндерін дайындайды, онда мынадай ережелер ескеріледі деп ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      а) Хаттамаға Ассамблея Төрағасы және оның Бас хатшысы қол қояды;

      b) Хаттама аталған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны ратификациялаған немесе оған қосылған кез келген мемлекеттің ратификациялауы үшін ашық;

      с) ратификациялау грамоталары Халықаралық азаматтық авиация ұйымына сақтауға тапсырылады;

      d) Хаттама оны ратификациялаған мемлекеттерге қатысты жүз жиырма сегізінші ратификациялау грамотасы сақтауға тапсырылған күні күшіне енеді;

      е) Бас хатшы барлық Уағдаласушы мемлекеттерді Хаттаманы ратификациялау туралы әрбір құжаттың сақтауға тапсырылған күні туралы дереу хабардар етеді;

      f) Бас Хатшы аталған Конвенцияға қатысушы барлық Уағдаласушы мемлекеттерді осы Хаттаманың күшіне ену күні туралы дереу хабардар етеді;

      g) Хаттаманы жоғарыда аталған күннен кейін ратификациялаған кез келген Уағдаласушы мемлекетке қатысты Хаттама оның ратификациялау грамотасын Халықаралық азаматтық авиация ұйымына сақтауға тапсырғаннан кейін күшіне енеді.

      ОСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ, Ассамблеяның жоғарыда аталған әрекеттеріне сәйкес, осы Хаттаманы Ұйымның Бас хатшысы жасады.

      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН Ассамблея уәкілеттік берген Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Ассамблеясының жоғарыда аталған отыз тоғызыншы сессиясының Төрағасы мен Бас хатшысы осы Хаттамаға қол қойды.

      Монреальда екі мың он алтыншы жылғы алтыншы қазанда орыс, ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдерінде бір құжат түрінде ЖАСАЛДЫ, әрі барлық мәтін бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады. Осы Хаттама Халықаралық азаматтық авиация ұйымының архивтерінде сақтауда болады, ал оның куәландырылған көшірмелерін Ұйымның Бас хатшысы 1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода жасалған Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның барлық Уағдаласушы мемлекеттеріне жібереді.

      А. Абдул Рахман
Ассамблеяның отыз тоғызыншы сессиясының Төрағасы
Ф.ЛюБас хатшы

      "Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а)-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы және Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 56-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

      Осымен 2016 жылғы 6 қазанда Монреальда қол қойылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а)-бабын өзгертуге қатысты хаттаманың қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтінімен теңтүпнұсқалы екенін растаймын.

      Қазақстан Республикасының
Көлік вице-министрі
Ж. Тайжанов

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯНЫҢ 56-БАБЫН ӨЗГЕРТУГЕ ҚАТЫСТЫ ХАТТАМА

2016 жылғы 6 қазанда Монреальда қол қойылған

      ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ АССАМБЛЕЯСЫ

      2016 жылғы 1 қазанда Монреальда өзінің отыз тоғызыншы сессиясына ЖИНАЛА ОТЫРЫП,

      Уағдаласушы мемлекеттер Аэронавигациялық комиссия мүшелерінің санын көбейтуге жалпы ниет білдіретінін АТАП ӨТЕ ОТЫРЫП,

      Осы орган мүшелерінің санын он тоғыздан жиырма бір адамға дейін көбейту орынды деп ЕСЕПТЕЙ ОТЫРЫП,

      Жоғарыда аталған мақсатпен 1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода қол қойылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға түзету енгізу қажет деп ЕСЕПТЕЙ ОТЫРЫП,

      1. Жоғарыда аталған Конвенцияның 94-бабы а) тармағының ережелеріне сәйкес аталған Конвенцияға ұсынылған мынадай түзетуді БЕКІТЕДІ:

      "Конвенцияның 56-бабындағы "он тоғыз мүшеден тұрады" деген сөздер "жиырма бір мүшеден тұрады" деген сөздермен ауыстырылсын.";

      2. Аталған Конвенцияның 94-бабының аталған а) тармағының ережелеріне сәйкес жоғарыда аталған ұсынылған түзету бір жүз жиырма сегіз Уағдаласушы мемлекет оны ратификациялағаннан кейін күшіне енетінін БЕЛГІЛЕЙДІ;

      3. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Бас хатшысы жоғарыда аталған түзетуді енгізу туралы Хаттаманың орыс, ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдеріндегі бірдей теңтүпнұсқалы мәтіндерін дайындайды, онда мынадай ережелер ескеріледі деп ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      a) Хаттамаға Ассамблея Төрағасы мен Бас хатшы қол қояды;

      b) Хаттама аталған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны ратификациялаған немесе оған қосылған кез келген мемлекеттің ратификациялауы үшін ашық;

      с) ратификациялау грамоталары Халықаралық азаматтық авиация ұйымына сақтауға тапсырылады;

      d) Хаттама оны ратификациялаған мемлекеттер үшін жүз жиырма сегізінші ратификациялау грамотасы сақтауға тапсырылған күні күшіне енеді;

      е) Бас хатшы барлық Уағдаласушы мемлекеттерді Хаттаманы ратификациялау туралы әрбір құжаттың сақтауға тапсырылған күні туралы дереу хабардар етеді;

      f) Бас Хатшы аталған Конвенцияға қатысушы барлық Уағдаласушы мемлекеттерді осы Хаттаманың күшіне ену күні туралы дереу хабардар етеді;

      g) Хаттаманы жоғарыда аталған күннен кейін ратификациялаған кез келген Уағдаласушы мемлекетке қатысты Хаттама оның ратификациялау грамотасын Халықаралық Азаматтық авиация ұйымына сақтауға тапсырғаннан кейін күшіне енеді.

      ОСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ, Ассамблеяның жоғарыда аталған әрекеттеріне сәйкес, осы Хаттаманы Ұйымның Бас хатшысы жасады.

      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН Ассамблея уәкілеттік берген Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Ассамблеясының жоғарыда аталған отыз тоғызыншы сессиясының Төрағасы мен Бас хатшысы осы Хаттамаға қол қойды.

      Монреальда екі мың он алтыншы жылғы алтыншы қазанда орыс, ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдерінде бір құжат түрінде ЖАСАЛДЫ, әрі барлық мәтін бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады. Осы Хаттама Халықаралық азаматтық авиация ұйымының архивтерінде сақтауда болады, ал оның куәландырылған көшірмелерін Ұйымның Бас хатшысы 1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода жасалған Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның барлық Уағдаласушы мемлекеттеріне жібереді.

      А. Абдул Рахман
Ассамблеяның отыз тоғызыншы сессиясының Төрағасы
Ф.ЛюБас хатшы

      "Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а)-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы және Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 56-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

      Осымен 2016 жылғы 6 қазанда Монреальда қол қойылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 56-бабына өзгерістер енгізуге қатысты хаттаманың қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтінімен теңтүпнұсқалы екенін растаймын.

      Қазақстан Республикасының
Көлік вице-министрі
Ж. Тайжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады