Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы N 14 бұйрығы.

      Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.01.2013 № 66 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.01.2013 № 66 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулық бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.01.2013 № 66 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Министр

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
1999 жылғы 22 ақпандағы
№ 14 бұйрығымен
бекітілген

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулық

      Ескерту. Нұсқаулық жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы № 254 Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес әзірленген және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      Нұсқаулық Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қолдануына жатады, заңнамаға сәйкес оған жылжымалы мүлік кепілінің жекелеген түрлерін тіркеу жүктелген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 20.03.2026 № 278 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) көрсетілетін қызметті алушы (уәкілетті өкіл) – көрсетілетін қызметті алушыға кепілді тіркеу туралы өтінішті беретін тұлға; кепіл міндеттемесі тараптарының келісімі бойынша кепіл беруші, сол сияқты кепіл ұстаушы өтініш беруші бола алады;

      3) жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі – жылжымалы мүлік кепілі ақпаратына қол жеткізудің, жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге электрондық нысанда өтініш жіберудің бірыңғай терезесін және көрсетілетін қызметті берушінің осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын өзге де әрекеттерін білдіретін цифрлық жүйе (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің цифрлық жүйесі);

      4) жылжымалы мүлік – көлік құралдарын, айналымдағы тауарларды, бағалы қағаздарды, ақшаны, мүліктік құқықтарды, оның ішінде болашақтағы өнімге және өзге де мүлікке құқықты қоса алғанда, жылжымайтын мүлікке жатпайтын мүлік;

      5) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу – жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне кепіл туралы шарттағы немесе кепіл талаптары қамтылған өзге де шарттағы мәліметтерді енгізу жөнінде жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастарға қатысушылар әрекеттерінің жиынтығын, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік беруді және көрсетілетін қызметті беруші осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын өзге де әрекеттерін білдіретін, көрсетілетін қызметті берушінің жылжымалы мүлік кепілін есепке алу рәсімі;

      6) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік – көрсетілетін қызметті берушінің өтініш берушіге беретін және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу фактісін растайтын құжат;

      7) жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі (кепіл тізілімі) – көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесі;

      8) кепілді цифрлық тіркеу – жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысандағы өтініш негізінде жүзеге асырылатын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу;

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 20.03.2026 № 278 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Нұсқаулықтың күші міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге, сондай-ақ тіркелуін Заңға сәйкес өзге де уәкілетті органдар жүзеге асыратын жылжымалы мүлік кепілінің жекелеген түрлерін тіркеуге қолданылмайды.

2-тарау. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тәртібі

      4. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу:

      1) кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы талаптар қамтылған өзге де шарт тараптарының бірінің талап етуі бойынша;

      2) егер кепіл туралы шартта немесе кепіл туралы талап қамтылған өзге де шартта кепілдегі мүлікті кейіннен кепілге қоюға (қайта кепілге қоюға) тыйым салынған болса, жүзеге асырылады;

      5. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру қызметті беруші www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы не осы Нұсқаулықтың 1 - қосымшасына сәйкес баяндалған "Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес екінші деңгейдегі банктердің цифрлық объектілері арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 20.03.2026 № 278 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Заңның 5-бабына сәйкес Министрлік айқындайтын тәртіппен көрсетілетін қызметті алушының "цифрлық үкімет" веб-порталы, сондай-ақ өзге де екінші деңгейдегі банктердің цифрлық объектілері арқылы берген өтініші негізінде жүргізіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 20.03.2026 № 278 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін негіз Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды тіркей отырып, осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш болып табылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.04.2023 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап өтініш қабылданған кезден бастап 2 жұмыс күні ішінде;

      www.egov.kz порталында немесе екінші деңгейдегі банктердің цифрлық объектілері мемлекеттік қызмет тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне құжаттар келіп түскен бастап 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 17.07.2026 № 695 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тіркеліміне кепіліді тіркеу туралы өтініштен алынған деректерді енгізу арқылы жүзеге асырылады.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған не ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 20.03.2026 № 278 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау жөніндегі қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы немесе ақпараттандыру объектілері Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.04.2023 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші тіркеуге берілген өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығын тексеруді жүзеге асырады.

      Кепіл туралы шартта кепіл нысанасы, кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің мәні, мөлшері немесе барынша жоғары сомасы мен орындау мерзімі көрсетілуге тиіс.

      Кепіл нысанасы болып табылатын жылжымалы мүлік және (немесе) жылжымалы мүліктің жекелеген санаттары (машина жабдығы мен материалдық айналым құралдарының қорларын қоса алғанда) кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасын талап етусіз және кепіл нысанасын бағалаусыз кепіл нысанасының ортақ сипаттамасы болуы мүмкін.

      Кепіл туралы шартта тараптардың қайсысында кепілге салынған мүлік бар екені және оны пайдалану мүмкіндігі көрсетілуге тиіс.

      Кепіл нысанасын бағалау, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, теңгемен көрсетіледі және тараптардың келісімімен айқындалуы мүмкін. Шетел валютасында міндеттеме қамтамасыз етілетін кепіл нысанасын бағалау теңгемен және кепіл туралы шартты жасау күніндегі айырбастау валютасының нарықтық бағамы бойынша міндеттеме валютасында көрсетіледі.

      Тіркеуге ұсынылған құжаттар сәйкес болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне мәліметтер енгізеді және осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті қалыптастырады.

      Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге ұсынылған құжаттарда бұзушылықтар анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас тарту шығарады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 04.04.2023 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 17.07.2026 № 695 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      13. Құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді тіркеу жағдайында көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тіркеу туралы өтінішті ұсынады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.04.2023 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік телнұсқасын алу туралы өтінішті ұсынады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 17.07.2026 № 695 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізеді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 20.03.2026 № 278 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының цифрлық жүйесі бұзылған жағдайда бір жұмыс күні ішінде "цифрлық үкімет" цифрлық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) хабардар етеді.

      Бұл жағдайда оператор Нұсқаулықтың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы хаттаманы жасайды және оған көрсетілетін қызметті берушімен қол қояды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 20.03.2026 № 278 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінде кепілді тоқтату кепіл берушінің негізгі міндеттемені орындауын растайтын құжат ұсыныла отырып, осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепіл ұстаушының өтініші негізінде жүргізіледі.

      Осы мүлікке басқа кепіл ұстаушылар болған кезде кепілді тоқтату оларды хабардар ету туралы құжат ұсынылған соң жүзеге асырылады.

      Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші кепілдің тоқтатылуын тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға осы Нұсқаулыққа 11-қосымшаға сәйкес кепілдің тоқтатылғаны туралы хабарлама жібереді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеген кезде жіберілген техникалық қателерді түзету мүдделі тұлғаның өтініші бойынша жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші тіркеуге өтініште көрсетілген мәліметтерді тексереді, мәліметтерді архивтік материалдардың деректерімен салыстырып тексереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне "ерекше белгілер" бағанына, сондай-ақ кепілді тіркеу туралы куәлікке қосымша жазба енгізу арқылы техникалық қателерді түзетеді.

      Әділет министрлігі мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты олар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге береді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 23.02.2024 № 159 (24.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      19. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарауды жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      21. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 № 795 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулыққа
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 17.07.2026 № 695 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік қызметтің атауы

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса ):

1. Кепілді тіркеу (мемлекеттік тіркеу куәлігі)
2. Шарт талаптарының өзгеруі нәтижесінде ауыртпалықтардың өзгеруін тіркеу (қайта кепіл)
3. Талаптарды беруді тіркеу
4. Міндеттемелердің орындалмағаны туралы хабарламаны тіркеу, сауда-саттықты өткізу туралы тіркеу
5. Кепілді тоқтатуды тіркеу
6. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру

4

Мемлекеттік қызметтерді көрсетілетін тәсілдері

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы / "цифрлық үкімет" веб-порталы екінші деңгейдегі банктердің цифрлық объектілері арқылы:
1. Кепілді тіркеу (мемлекеттік тіркеу куәлігі)
2. Шарт талаптарының өзгеруі нәтижесінде ауыртпалықтардың өзгеруін тіркеу (қайта кепіл)
3. Талаптарды беруді тіркеу
4. Міндеттемелердің орындалмағаны туралы хабарламаны тіркеу, сауда-саттықты өткізу туралы тіркеу
5. Кепілді тоқтатуды тіркеу.
6. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру

5

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырғаннан бастап: мемлекеттік қызмет өтініш қабылданғаннан бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
2) "цифрлық үкімет" порталында: www.egov.kz. мемлекеттік қызмет тіркеуші органның цифрлық жүйесіне құжаттар түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут; Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған) / қағаз түрінде:

7

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жеткізгіште: - міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын, жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәлік, кепілді тоқтату Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап; - берілетін куәліктерге қатысты жоғалғанның орнына жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы;
2) www.egov.kz порталы арқылы электрондық форматта: жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәлік, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын кепілді тоқтату туралы хабарлама немесе Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны –электрондық және қағаз бетінде.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері, және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алудың тәсілдері

Тегін

9

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Мемлекеттік корпорацияның филиалдарында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) құжаттарды қабылдау және беру бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалдарында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
3) порталда/цифрлық объектілері жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс уақыты, жексенбі және мереке күндері аяқталғаннан кейін жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің кіші түрлеріне құжаттар тізбесі: - заңды тұлға үшін өкілеттігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлға үшін (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі); көрсетілетін қызметті берушіге:
1. Кепілді тіркеу (мемлекеттік тіркеу куәлігі):
1) осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы өтініш;
2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) сенімхат (өтініш беруші сенім білдірілген тұлға арқылы жүгінген жағдайда). Салыстыру үшін сенімхаттың түпнұсқасы ұсынылады, содан кейін сенімхаттың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады;
2. Шарт талаптарының өзгеруі нәтижесінде ауыртпалықтардың өзгеруін тіркеу (қайта кепіл):
1) осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тіркеу туралы өтініш;
2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) сенімхат (өтініш беруші сенім білдірілген тұлға арқылы жүгінген жағдайда). Салыстыру үшін сенімхаттың түпнұсқасы ұсынылады, содан кейін сенімхаттың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады;
3. Талаптарды беруді тіркеу
1) құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді тіркеу туралы өтініш: (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) Тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес;
2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) сенімхат (өтініш беруші сенім білдірілген тұлға арқылы жүгінген жағдайда). Салыстыру үшін сенімхаттың түпнұсқасы ұсынылады, содан кейін сенімхаттың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады;
4. Міндеттемелердің орындалмағаны туралы хабарламаны тіркеу, сауда-саттықты өткізу туралы тіркеу
1) осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тіркеу туралы өтініш;
2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) сенімхат (өтініш беруші сенім білдірілген тұлға арқылы жүгінген жағдайда). Салыстыру үшін сенімхаттың түпнұсқасы ұсынылады, содан кейін сенімхаттың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады;
5. Кепілді тоқтатуды тіркеу
1) осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдің тоқтатылуын тіркеу туралы өтініш;
2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) сенімхат (өтініш беруші сенім білдірілген тұлға арқылы жүгінген жағдайда). Салыстыру үшін сенімхаттың түпнұсқасы ұсынылады, содан кейін сенімхаттың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады;
6. Көрсетілетін қызметті алушы жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алып, мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтініш; Мемлекеттік цифрлық жүйелердегі жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді қызметкер тиісті цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
2) www порталы арқылы. egov. kz / барлық кіші түрлері бойынша цифрлық объектілері: осы Нұсқаулыққа 2, 9, 10-қосымшаға сәйкес тиісті нысандағы өтініш (сұрау салу); көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында;

11

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) кепілді тіркеу туралы өтініштің "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) өтінішті тиісті тұлғаның бермеуі;

12

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Өзіне-өзі қызмет көрсетуді жүзеге асыру, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану мүмкіндігі немесе қабілетінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы көрсетілетін қызметті беруші тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған – www.gov.kz. Көрсетілетін қызметті алушы ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда ЭЦҚ болған немесе бір реттік пароль пайдаланылған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алады. Сандық құжаттар қызметі мобильді қосымшада және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде рұқсат етілген пайдаланушылар үшін қол жетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және цифрлық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту қажет, бұдан әрі "цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарау қажет.

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтн жылжымалы
мүлік кепілін тіркеу
туралы нұсқаулыққа
2-қосымша
  нысан

      ___________________________________________________________________
("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы)

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы өтініш № ______

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 17.07.2026 № 695 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

     
Кепіл беруші _______________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә.(болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә),
тұрғылықты жері, ЖСН, туған күні және жылы)
___________________________________________________________ (Заңды тұлғаның
орналасқан жері, атауы және БСН)
__________________________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжат: түрі _________ сериясы _____№ ______
_____________ жылы ___________________________________________
берген (құжатты берген органның атауы
Пошталық мекенжайы, телефоны ________________________________________
___________________________________________________ атынан әрекет ететін
(уәкілетті өкілдің деректемелері)
_____________________________________________________________негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Кепіл ұстаушы ________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә., туған күні мен жылы, ЖСН,
немесе заңды тұлғаның атауы мен БСН)
_____________________________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжат: түрі _________ сериясы _________ № ______
_____ жылы___________________________________________________ берген (құжатты
берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны ________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________ атынан әрекет ететін
(уәкілетті өкілдің деректемелері)
_____________________________________________________ негізінде (өкілеттігін
куәландыратын құжаттың деректемелері)
Жылжымалы мүлік кепілі шартын тіркеуді сұраймын: ____________________
Шартты жасасқан күн _______________________________________________
Шартты жасасқан орын ______________________________________________
Кепіл нысанасы туралы мәліметтер (жылжымалы мүліктің тізбесі мен сипаттамасы)
___________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы _____________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің қолданыс мерзімі ______________
Кепілге қойылған мүлік:
кепіл берушінің _____________ кепіл ұстаушының ____ иелігінде және пайдалануында қалады.
Оны пайдалануға болатыны: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастаңыз)
Қайта кепілге қою туралы мәліметтер: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастаңыз).
Өтініш берушінің электрондық поштасының мекенжайы ___________
Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)
1. __________________________________________________
2. ___________________________________________________
Өтініш берілген күн: 20__ ж. ______________
Өтініш қабылданған күн: 20__ ж. ______________
Өтініш берушінің қолы: ______________________________________________
Тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы ________________________________________
Уақыты: __________________ сағат _____________ минут.
Заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын, цифрлық жүйелерде қамтылған мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
20__жылғы _______________ "___"________
(қолы)
      Ескертпе: Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы өзі көрсеткен тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекен-
жайы, жұмыс орны, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы дұрыс
екендігін, ал көрсетілген контактілерге жіберілген хабарлама (хабархат) тиісті және
жеткілікті деп саналатындығын өзінің қолтаңбасымен растайды.
_______________ "___" ________ 20__ ж.
(қолы)

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулыққа
3-қосымша
  Нысан

      ___________________________________________________________________
("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы)

20___ ж. "___" ________ № ______ өтініш бойынша құжаттардың болуына қолхат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 17.07.2026 № 695 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
     

      Уақыты: _____________ сағ.____________ мин.
Қабылданған құжаттар тізбесі (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді):
1. ______________________________________________________________
2. ______________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Қабылдаған:_______________________ Өтінішті орындау күні __________
Мемлекеттік корпорацияның өтініштерді қабылдау жөніндегі қызметкерінің Т.А.Ә.
(ол болған кезде) және қолы
20____ ж. ______________

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулыққа
4-қосымша
Егер кепіл беруші жеке тұлға
болса, міндетті мемлекеттік
тіркеуге жатпайтын
жылжымалы мүлік кепілін
мемлекеттік тіркеу
туралы, егер кепіл беруші
заңды тұлға болса, міндетті
мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін мемлекеттік тіркеу
туралы электрондық куәліктің
нысаны

МІНДЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУГЕ ЖАТПАЙТЫН ЖЫЛЖЫМАЛЫ МҮЛІК КЕПІЛІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 20.03.2026 № 278 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Органның атауы __________________________________________________

      № _____________ __________ Күні ___________

      № _____ ___ Күні ___

      ________________________________________________________________

      ____ кредитор банк _______________________________ берілді

      Мынадай:

      Мүлік түрі

      Тізілімдік нөмірі

      Кепіл нысанасының сипаттамасы

      Құрамдастарының саны

      Құны

      жылжымалы мүлікке қатысты кепіл тіркелгенін растау үшін.

      Кепіл ұстаушының құқығы:

      БСН ____________________________ ЖСН ____________________________

      Кепіл ұстаушының атауы: __________________________________________

      Заңды мекенжайы: _______________________________________________

      ________________________________________________ кепіл нысанасына

      мыналардың негізінде туындады:

      № __________ күні __ кепіл туралы шарт

      № ____________ қосымша келісім, № _____________ кепіл туралы шартқа

      _________________________________________ қосымша келісім жасалған

      күн ___(бар болған жағдайда)

      Тіркелген күні ___ және № __ және мынадай негізгі талаптарды қамтиды:

      Негізгі міндеттеме мерзімі _____ай

      Негізгі міндеттеменің мөлшері ________________________________ теңге

      _________________________________________________________

      _________________________________________________________

      Кепіл берушінің деректері

      БСН_____________________________________________________________

      Ұйымның атауы

      _________________________________________________________

      Заңды мекенжайы _______________________________________________

      Мүлікке құқық түрінің атауы ________________________________________

      Осы құжат Қазақстан Республикасының Цифрлық Кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

      штрих-код "Жылжымайтын мүлік кепілінің тізілімдемесі" АЖ-дан алынған және тиісті Мемлекеттік корпорацияның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу жөніндегі
нысан нұсқаулыққа
5-қосымша

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 20.03.2026 № 278 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасыны4 Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті берушінің филиалы (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбағаныңызға,сондай-ақ қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынғаныңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсету үшін (Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесіне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы

      1) ________________________________________________________;

      2) ________________________________________________________;

      3) ….

      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден, 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә. (болған жағдайда) (көрсетілетін қызметті беруші филиалының құжаттарды қабылдау жөніндегі қызметкерінің) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. (болған жағдайда) _____________

      Телефоны ______________________

      Алдым: ______________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының / Т.А.Ә. (болған жағдайда) қолы

      20___ жылғы "___" ____________

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулыққа
6-қосымша
  Нысан

      Парақ № ______

      Тіркеу ісі № ______

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі

Жазба №

Тізілім №

Кепіл нысанасы

Кепіл ұстаушы

Кепіл беруші

Кепіл сомасы

Шарттың қолданылуы




Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде), тұрғылықты жері, туған күні және жылы;
заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, БСН

Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде), тұратын жері, туған күні және жылы;
заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, БСН



1

2

3

4

5

6

7








      Кестенің жалғасы:

Ауыртпалықтың туындауы

Ауыртпалықтың тоқтатылуы

Тіркеушінің ерекше белгілері

Құжаттың атауы және №

Күні мен уақыты (сағаты және минуты) тіркеу №; тіркеушінің Т.А.Ә. (ол болған кезде), және қолы

Құжаттың атауы және №

Күні мен уақыты (сағаты және минуты) тіркеу №; тіркеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), және қолы

8

9

10

11

12






      Тіркеу парағын жабу/жалғастыру туралы жазба

Жабу/жалғастыру үшін негіздеме

Орны ауыстырылған (жапқан кездегі) жазбалардың немесе соңғы жазбалардың (жалғастырған кездегі) тізбесі

Парақ нөмірі (жалғастырған кездегі)

Күні, уақыты (сағаты және минуты)

Тіркеушінің Т.А.Ә. (ол болған кезде) және қолы
















  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулыққа
7-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________

      органның атауы

20__ ж. "___" _________ № ____

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      ___________________________________________________________ берді

      ________________________________________________________________

      кепіл ұстаушының немесе кепіл ұстаушының уәкілетті өкілінің деректемелері

      Мынадай:

Мүлік түрі

Тізілімдік нөмірі

Кепіл нысанасының сипаттамасы

Құрамдастарының саны

Құны






      жылжымалы мүлікке қатысты кепіл тіркелгенін растау үшін.

      Кепіл ұстаушының құқығы _________________________________________

      ________________________________________________________________

      жеке тұлғаның Т.А.Ә.(ол болған кезде), тұрғылықты жері, туған күні және жылы,

      заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және БСН

      кепіл нысанасына ________________________________________________

      кепіл нысанасының сипаттамасы

      кепіл туралы шарттың негізінде туындады ____________________________

      Шарт жасалған күн

      тіркелген _________________ және мынадай негізгі талаптарды қамтиды:

      тіркелген күні және нөмірі

      ________________________________________________________________

      негізгі міндеттемелердің мөлшері, орындалу мерзімі және кепілдің басқа да талаптары

      ___________ кепіл берушінің ________________________________ құқығы

      құқық түрі, жеке тұлғаның Т.А.Ә.(ол болған кезде), тұратын жері,

      туған күні және жылы

      ________________________________________________________________

      заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және БСН

      расталды ________________________________________________________

      кепіл нысанасына құқық белгілейтін құжаттың атауы,

      қабылдау күні, тіркеу нөмірі және күні

      Тіркеуші ___________________________ _____________________________

      Т.А.Ә.(ол болған кезде) қолы

      Басшы _____________________________ М.О. ________________________

      Т.А.Ә.(ол болған кезде)

      ________________________________________________________________

      қолы

      Ескертпе:

      1. Осы куәлік кепіл өтелген кезде Мемлекеттік корпорацияға қайтарылуға тиіс.

      2. Куәлік жоғалған (бүлінген) кезде құқық иеленушісі куәліктің жоғалған (бүлінген) себебін көрсетіп, Мемлекеттік корпорацияға өтініш береді.

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулыққа
8-қосымша
Нысан

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден дәлелді бас тарту туралы хабарлама

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 20.03.2026 № 278 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Өтініштің бірегей №:______________________ Күні ____________________

      Бас тартудың негізі: _______________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (заңның баптарына сілтемесі бар, заңгермен келісілген дәлелді бас тартудың мәтіні Мемлекеттік корпорацияда қалыптастырылады)

      Осы құжат Қазақстан Республикасының Цифрлық Кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

      штрих-код "Жылжымайтын мүлік кепілінің тізілімдемесі" АЖ-дан алынған және тиісті Мемлекеттік корпорацияның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулыққа
9-қосымша
  нысан

      _____________________________________________________________________
("Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы)

Өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тіркеу туралы № ________________ өтініш

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 17.07.2026 № 695 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

     
      Кепіл ұстаушы ________________________________________________
(Жеке тұлғаның Т.А.Ә.(ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә),
туған күні мен жылы, ЖСН немесе заңды тұлғаның атауы мен БСН)
Жеке басты куәландыратын құжат: түрі ________________ сериясы ___________
______________________________ берген, берілген күні ___________
(құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны _______________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
атынан әрекет ететін (уәкілетті өкілдің деректемелері)
___________________________________________________________________
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері) негізінде
___________________________________________________________________
Кепілдің өзгеруін және/немесе толықтыруын немесе тоқтатуын тіркеуді сұраймын:
____________________________________________________________________
Шартты жасасқан күн _________________________________________________
Шартты жасасқан орын ________________________________________________
Кепіл нысанасы туралы мәліметтер (жылжымалы мүлік сипаттамасы) ________
____________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы _____________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің қолданылу мерзімі _____________
Кепілге қойылған мүлік: кепіл берушінің ___________ кепіл ұстаушының ___________
иелігінде және пайдалануында қалады.
Оны пайдалануға болатыны: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастаңыз)
Қайта кепілге қою туралы мәліметтер: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастаңыз).
Өтініш берушінің электрондық поштасының мекенжайы (болған кезде) _______
Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)
1. ____________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
Өтініш берілген күн: 20__ ж.__________________
Өтініш қабылданған күн: 20__ ж.______________
Өтініш берушінің қолы: ________________________________________________
Тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы ___________________________________________
Уақыты: __________________ сағат _____________ минут.

      Ескертпе: Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы өзі көрсеткен тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекен-
жайы, жұмыс орны, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы дұрыс
екендігін, ал көрсетілген контактілерге жіберілген хабарлама (хабархат) тиісті және
жеткілікті деп саналатындығын өзінің қолтаңбасымен растайды.
_______________ "___" ________ 20__ ж.
(қолы)

  Міндетті мемлекеттік
тіркеуге жатпайтын
жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
10-қосымша
  нысан

      ______________________________________________________________________
("Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы )

Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы № _______ өтініш

      Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 17.07.2026 № 695 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


      Мен, ____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә)
________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның паспорт деректері (жеке куәлігінің деректері) және тұратын жері)
__________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын
____________________________________________________________ негізінде
(өкілеттіктерді куәландыратын құжаттың деректемелері)
__________________________________________________ атынан әрекет ететін
(заңды тұлғаның атауы мен деректемелері)
__________________________________________________________________
(уәкілетті өкіл толтырады)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе кепіл берушінің заңды тұлғасының атауы)
жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беруді сұраймын:
Жылжымалы мүлік объектісінің түрі _____________________________________
(кепіл беруші бойынша деректер болған кезде толтырылады)
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1.________________________________________________________________________
2.________________________________________________________________________
2. Өкілеттікті растайтын құжат № ________________________________________
Күні ___________/__________________/_________________________________/
(өтініш берушінің қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә)
_______________________________________________________________ (өтінішті
қабылдаған қызметкердің Т.А.Ә. және қолы)
Өтініш берілген күн: 20____ж. "____"_____________
Уақыты:__________сағ.________мин.
Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі: ______________________________________
____________________________________________________________________
Тексерілді: күні: ___ж.______________
Тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы __________________________________________
Уақыты:__________сағ.________мин.
Ескертпе: Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы өзі көрсеткен тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекен-
жайы, жұмыс орны, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы дұрыс
екендігін, ал көрсетілген контактілерге жіберілген хабарлама (хабархат) тиісті және
жеткілікті деп саналатындығын өзінің қолтаңбасымен растайды.
_______________ "___" ________ 20__ ж.
(қолы)

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулыққа
11-қосымша
  Нысан

      Міндетті мемлекеттік

      тіркеуге жатпайтын жылжымалы

      мүлік кепілін тіркеуден

      алып тастау туралы хабарлама

      Міндетті мемлекеттік

      тіркеуге жатпайтын жылжымалы

      мүлік кепілін тіркеуден

      алып тастау туралы хабарлама

      Өтініштің бірегей №: _______________________ Күні ___________________

      Алып тастау үшін негіз: ____________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады