Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ақпараттық жүйе", "ақпараттық жүйелерді", "ақпараттық жүйелер", "ақпараттық жүйелерінде", "ақпараттық жүйесіне" деген сөздер тиісінше "цифрлық жүйе", "цифрлық жүйелерді", "цифрлық жүйелер", "цифрлық жүйелерінде", "цифрлық жүйесіне" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң жылжымалы мүлікке заңды құқықтары бар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыру және қорғау мақсатында осындай мүлік кепілін тіркеу ережелерін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
1-1) жылжымалы мүлік – көлік құралдарын, айналымдағы тауарларды, бағалы қағаздарды, ақшаны, мүліктік құқықтарды, оның ішінде болашақтағы өнімге және өзге де мүлікке құқықты қоса алғанда, жылжымайтын мүлікке жатпайтын мүлік;
2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу – жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастарға қатысушылардың кепіл туралы шарттағы немесе кепіл талаптары бар өзге де шарттағы мәліметтерді жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне енгізу, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік беру, кепіл шартына өзгерістер, толықтырулар енгізу, сондай-ақ тіркелген кепілді тоқтату жөніндегі іс-қимылдарының жиынтығын және тіркеуші органдардың және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын өзге де іс-қимылдарын білдіретін, тіркеуші органның және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жылжымалы мүлік кепілін есепке алу рәсімі;
3) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу органдары (тіркеуші органдар) – мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерін және осы мүліктің кепілдерін тіркеуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар;
4) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік – тіркеуші орган және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өтініш иесіне беретін және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу фактісін растайтын құжат;
4-1) жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі – жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпаратқа қол жеткізудің, жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге электрондық нысанда өтініш жіберудің және тіркеуші органдардың және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын өзге де әрекеттерінің бірыңғай терезесін білдіретін цифрлық жүйе;
5) жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі (кепіл тізілімі) – тіркеуші органдар және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесі;
5-1) кепілді электрондық тіркеу – жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысандағы өтініш негізінде жүзеге асырылатын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу;
6) өтініш беруші – тіркеуші органға және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына кепілді тіркеу туралы өтініш беретін адам; кепіл міндеттемесі тараптарының келісуі бойынша кепіл беруші де, кепіл ұстаушы да өтініш беруші бола алады;
7) тіркелген кепіл - осы Заңда белгіленген тәртіппен тіркелген жылжымалы мүлік кепілі;
8) уәкілетті орган – жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган;
9) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 50-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы заңдары
Қазақстан Республикасының жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың нормаларына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2-1-бап. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласын реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері, қағидаттары
1. Жеке және заңды тұлғалардың жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласындағы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласындағы цифрлық жүйелерді қолдап отыру, сондай-ақ оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету осы Заңның негізгі міндеттері болып табылады.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:
1) заңдылық;
2) мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы.
Ескерту. 2-1-баппен толықтырылды – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3-бап. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде пайда болатын қатынастарға қатысушылар
1. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде пайда болатын қатынастарға қатысушылар:
1) кепіл беруші, кепіл ұстаушы;
2) тіркеуші органдар;
2-1) Мемлекеттік корпорация;
3) үшінші тұлғалар.
2. Тіркеуші органдардың қызметіне жалпы басшылықты және бақылауды – тиісті мемлекеттік органдар, ал жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерімен кепілді тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызметіне жалпы басшылықты және бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілеттік берілген мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.3-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласында цифрлық жүйелерді қолдауға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
3) жылжымалы мүлік кепілі саласында цифрлық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) Мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және өзге де есептік ақпаратын ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 1-тарау 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).4-бап. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу
1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді заңдарға сәйкес осы мүлікті тіркеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген орган жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
3. Кепілдері міндетті түрде тіркелуге жататын мүлік түрлері, меншік құқығы мен басқа да құқықтар, сондай-ақ оны тіркеуді жүзеге асыратын органдар Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5-бап. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінан жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.
1-1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі:
1) кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы шарт қамтылған өзге де шарт тараптарының бірінің талап етуі бойынша;
2) егер кепіл туралы шартта немесе кепіл туралы шарт қамтылған өзге де шартта кепілдегі мүлікті кейіннен кепілге салуға (қайталама кепілге) тыйым салынған болса, тіркелуге тиіс.
2. Міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасау жері бойынша жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік корпорация міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын тіркелген жылжымалы мүлік кепілінің тізілімін жүргізуге міндетті.
4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, сондай-ақ Заңда берілген өкілеттік шегінде жылжымалы мүлік кепілінің жекелеген түрлерін тіркеуге уәкілетті мемлекеттік органдар жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді жүргізу ережелері мен рәсімдерін белгілейтін ведомстволық актілер шығаруға құқылы.
5. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.6-бап. Жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерінің кепілін тіркеудің ерекшеліктері
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар кепілін тіркеу, оның ішінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы тіркеу бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылған бағалы қағаздар кепілін тіркеуге осы Заңның 8-бабының ережелері қолданылады.
1-1. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлік кепілін тіркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
2. Қоғам үшін елеулі тарихи (оның ішінде археологиялық), көркемдік немесе мәдени құндылығы бар мүлік кепілін тіркеу заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлік кепілі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.
4. Ипотекалық облигацияларды қамтамасыз ету болып табылатын мүлік кепілін тіркеуді тіркеуші орган алғашқы өтініш жасаған кезде бір рет қана жүргізеді. Бұл ретте, тіркеуші орган кепіл тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.03 № 427, 2004.12.13 № 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.7-бап. Жеке кәсіпкерлердің, жеке және заңды тұлғалардың жылжымалы мүлік кепілін тіркеу құқықтары
Жылжымалы мүліктің кепілі кезінде жеке кәсіпкер, жеке немесе заңды тұлға кепілді кепіл беруші ретінде де, кепіл ұстаушысы ретінде де тіркей алады.
8-бап. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеудің құқықтық маңызы
1. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кепіл берушінің аталған мүлкіне үміткер кепіл ұстаушылардың талаптарына қатысты кепіл ұстаушының талаптарын қанағаттандырудың кезектілігін (күнін) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және басқа да заң актілерінің ережелеріне сәйкес белгілейді.
Әрбір алдыңғы тіркелген кепіл ұстаушы барлық өзінен кейін тіркелген кепіл ұстаушылардың алдында, сондай-ақ осы мүліктің тіркелмеген барлық кепіл ұстаушыларының алдында міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету кезінде басымдыққа ие болады.
2. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік кепілі құқығы, егер кепіл туралы шартта (кепіл талаптары бар өзге шартта) немесе заң актілерінде неғұрлым кеш мерзім көзделмесе, аталған мүлікті тіркеуді жүзеге асыратын органда жылжымалы мүлік кепілі тіркелген сәттен бастап пайда болады.
2-тарау. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тәртібі
9-бап. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы өтініш
1. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін өтініш беруші не оның өкілі тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтініштің толтырылған бланкісін береді немесе өтінішті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жібереді.
2. Өтініште:
1) тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның атауы;
2) кепіл беруші мен кепіл ұстаушының атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін);
3) кепіл туралы шарттың немесе кепіл туралы талаптар қамтылған өзге шарттың жасалған күні мен орны;
4) кепіл нысанасы болып табылатын мүліктің тізбесі және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы;
5) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы;
6) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің қолданылу мерзімі;
7) өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолтаңбасы және заңды тұлға үшін мөрі (ол болған кезде);
8) кепілге салынған мүлік қай тарапта екені туралы нұсқау, оны пайдалануға болатыны және қайталама кепіл туралы мәліметтер;
9) өтініш берушінің электрондық почта мекенжайы (бар болған жағдайда) қамтылуы тиіс.
Өтінішті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жіберген жағдайда "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, өтінішке жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат қоса берілуге тиіс.
Өтінішті тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берген кезде өтініш беруші – жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі өзінің өкілеттіліктерін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті.
3. Өтінішті тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берген кезде және өтінішті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жіберген кезде, мәміле тараптары қол қойған өтініш кепіл шарты туралы мәліметтер, сондай-ақ осы баптың 2-тармағына сәйкес мәліметтер көрсетіле отырып, кепіл туралы шарт немесе кепіл шарты қамтылатын өзге де құжат ұсынылмастан, хабарлама нысанында беріледі.
3-1. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Осы Заңда көзделгеннен басқа қандай да бір өзге құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
5. Өтініште қамтылған мәліметтерді тексеруді және жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініш келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.9-1-бап. Жылжымалы мүлік кепілін, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009 жылғы 1 қаңтардаң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Жылжымалы мүлік кепілін, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалған тәртіппен алым алынады.
Ескерту. 2-тарау 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.12.13 № 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009 жылғы 1 қаңтардаң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.9-2-бап. Ақпараттық көрсетілетін қызметтер және өтініш берушінің кінәсінан жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету үшін төлемақы
Ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсынғаны үшін, сондай-ақ өтініш берушінің кінәсінан жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзеткені үшін тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемақы алады.
Ескерту. 2-тарау 9-2-баппен толықтырылды - ҚР 2004.12.13 № 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), жаңа редакцияда көзделген - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).9-3-бап. Тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тәртібі
Ескерту. 9-3-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Толтырылған өтініш бланкісі тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берілген жағдайда, өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініштің негізінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне кепіл туралы мәліметтерді енгізеді, оның нәтижелері бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік не тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауап беріледі.
2. Жүргізілген тіркеу туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктің және тіркеуші органның цифрлық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді.
Ескерту. 2-тарау 9-3-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.9-4-бап. Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеу тәртібі
Ескерту. 9-4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Өтініш жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеуге жіберілген жағдайда, жылжымалы мүлік кепілін тіркегені үшін алымның төленгенін немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растама жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініштің негізінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне кепіл туралы мәліметтерді енгізеді, оның нәтижелері бойынша тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік не туралы тіркеуден бас тарту уәжді жауап электрондық нысанда беріледі.
2. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтінішті алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының цифрлық жүйесіне және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жылжымалы мүлік кепілін электрондық құжат нысанында тіркеу туралы куәлікті не электрондық құжат нысанында тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауапты жібереді.
3. Жүргізілген электрондық тіркеу туралы ақпарат кепіл ұстаушының, тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның цифрлық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді.
Ескерту. 2-тарау 9-4-баппен толықтырылды - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.10-бап. Тіркеуші органның, Мемлекеттік корпорацияның және кепіл ұстаушылардың міндеттері
Ескерту. 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қажетті құжаттарды алған кезден бастап тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация:
1) өтініш берушіге табыс етілген құжаттарды алғандығын растайтын, күні, уақыты (сағаты, минуты) көрсетілген қолхат беруге;
2) жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне (оның ішінде деректердің компьютерлік базасына) кепілді тіркеу туралы өтініштегі деректерді енгізуге;
3) өтініш берген адамға жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік беруге;
4) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді хабарлауға міндетті.
2. Осы Заңның 6, 9-3 және 9-4-баптарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу өтініш қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.
2-1. Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеу жылжымалы мүлік кепілін тіркегені үшін алымның төленгені немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растама жылжымайтын мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
3. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміндегі кепіл туралы мәліметтердің өтініштегі толтырылу толықтығын тексереді.
4. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация, үшінші тұлғаларды қоспағанда, осы Заңның 3-бабында көрсетілген, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастардың барлық қатысушыларына тиісті қолжетімділік болған кезде жазбаша нысанда немесе жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпарат беруді қамтамасыз етуге міндетті. Үшінші тұлғалар жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімінен ақпаратты кепіл беруші және (немесе) кепіл ұстаушы осындай сұрау салуды растаған жағдайда алуы мүмкін.
Бұл ретте жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпаратта жылжымалы мүлік кепілі туралы және кепіл туралы шарттың тараптары немесе кепіл шарттарын қамтитын өзге де құжаттар туралы мынадай деректер:
1) кепіл беруші мен кепіл ұстаушы туралы деректер, олардың деректемелері, оның ішінде мекенжайлары, банктік деректемелері, телефон нөмірлері, сондай-ақ электрондық мекенжайы (бар болған кезде);
2) негізінде кепілдік құқық қатынастары туындағын құжат туралы мәліметтер;
3) кепіл туралы шарттың немесе кепіл талаптары қамтылған өзге де құжаттың жасалған күні мен орны;
4) кепіл нысанасы болып табылатын мүліктің тізбесі және (немесе) жалпы сипаттамасы;
5) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің орындалу мерзімі қамтылуға тиіс.
5. Егер кепіл міндеттемесі тараптарының келісімі бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығару бойынша өтініш иесі кепіл ұстаушы болып табылса, онда соңғысы кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені кепіл беруші орындағаннан кейін жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығаруға арналған өтінішті тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға міндеттеме орындалғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
Өтініш жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы жіберілуі мүмкін.
6. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация кепіл ұстаушы өтініш берген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде кепілді тіркеуден шығаруды жүргізеді және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы кепіл ұстаушыға және кепіл берушіге тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығарғаны туралы хабарлама не электрондық құжат түрінде тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауап жібереді.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.09.2025 № 219-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.11-бап. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден бас тарту
1. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация:
1) кепілді тіркеу туралы өтінішті толтыру толық болмаған;
2) егер кепілді тіркеу туралы өтініш осы Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келмеген;
3) егер кепілді тіркеу туралы өтінішті тиісті тұлға жасамаған;
4) егер жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат болмаған жағдайларда, кепілді тіркеуден бас тартады.
2. Осы Заңның 9-3 және 9-4-баптарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тіркеуден бас тартылған жағдайда тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініш қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанына сілтеме жасай отырып, өтініш берушіге жазбаша уәжді бас тартуды жібереді.
3. Мүдделі тұлға жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден бас тартуға не тіркеуден жалтаруға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
4. Алып тасталды.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.13 № 11, 2006.12.11 № 201 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.12-бап. Тіркелген жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі
1. Тіркелген жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне жылжымалы мүлік кепілі және кепіл туралы шарттың тараптары туралы мынадай деректер кіреді:
1) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу күні, уақыты (сағаты мен минуты);
2) кепіл беруші мен кепіл ұстаушы туралы деректер, олардың мекен-жайлары (деректемелері);
3) құжаттардың тіркеу нөмірлері;
4) негізінде кепілдік құқық қатынастары пайда болған құжат туралы мәліметтер;
5) кепіл туралы шарт немесе кепіл талаптары бар өзге де шарттың жасалған күні мен орны;
6) кепіл нысанасы болып табылатын мүліктің тізбесі және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы;
7) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы;
8) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің орындалу мерзімі.
2. Жылжымалы мүлік кепілі тізбесіне осы кепіл туралы өзге де мәліметтер енгізілуі мүмкін.
3. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепілді тіркеу кезінде кепіл тізіліміне кепіл беруші мен аталған облигацияларды ұстаушылардың өкілі туралы деректер енгізіледі. Кепіл ұстаушылар туралы деректер бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінде көрсетіледі.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.03 № 427; 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.13-бап. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік
1. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу оны тіркеу жөніндегі куәлікпен куәландырылады, онда мыналар болады:
1) тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның атауы;
2) кепіл беруші мен кепіл ұстаушының атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері (жеке адам үшін);
3) кепіл туралы шартты немесе кепіл талаптары бар өзге де шарттың жасалған күні мен орны және оның нөмірі;
4) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы;
5) кепіл нысанасы болып табылатын мүліктің тізбесі және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы;
6) тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі;
7) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу күні.
2. Кепілді тіркеу туралы куәлікке уәкілетті лауазымды адам қол қояды және ол тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
3. Кепіл берушінің немесе кепіл ұстаушының өтініші бойынша тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өздері берген куәліктерге қатысты өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы жоғалған куәліктің орнына оның телнұсқасын беруді жүргізеді.
4. Тіркеу туралы куәлік Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.14-бап. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеудің күшінде болу мерзімі
1. Жылжымалы мүлік кепілінің тіркелуі кепіл тоқтатылғанға дейін қолданылады.
2. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындаған кепіл беруші жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміндегі кепіл туралы жазбаны жоюды талап етуге құқылы. Кепіл берушінің талабы бойынша кепіл ұстаушы тіркеуші органға немесе Мемлекеттік корпорацияға жазбаша өтініш пен кепіл берушінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындағанын растайтын қажетті құжаттарды ұсынуға міндетті. Кепіл ұстаушы осы міндеттерді орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда, кепіл беруші өзіне келтірілген залалдың өтелуін талап етуге құқылы.
Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.15-бап. Тіркеу кезінде жіберілген қателерді түзеу
1. Тіркеу кезінде жіберілген техникалық қателерді түзеу жылжымалы мүлік кепілі тізіліміне, сондай-ақ кепілді тіркеу туралы куәлікке қосымша жазба енгізу арқылы мүдделі тараптың өтініші бойынша жасалады.
2. Алынып тасталды.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.13 № 11 Заңымен.16-бап. Өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу және тіркелген кепілдің тоқтатылу тәртібі
Өтініш беруші тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтініш беру немесе жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысандағы өтініш жіберу арқылы тіркелген кепілдің өзгерістер мен толықтыруларын (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуын, талап ету құқығын басқаға беруді) және қолданысын тоқтатуды тіркейді.
Осы баптың бірінші бөлігінің күші "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 59-бабының 2-тармағында, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-3-бабының 2-тармағында, "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларға қолданылмайды.
Өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу тәртібі заңдармен белгіленеді.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.17-бап. Тіркелген кепілге өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу туралы және оны тоқтату туралы өтініш
1. Жылжымалы мүліктің тіркелген кепіліне өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу туралы және оны тоқтату туралы өтініште бастапқы тіркелген кепілге сілтеме, кепіл туралы шартқа жасалған өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы (меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру және т.б.), тіркелген кепілді тоқтатудың негіздері болуға тиіс.
1-1. Кепіл беруші тіркелген кепілді тоқтату туралы өтінішті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы берген кезде кепілдің тоқтатылуын тіркеу кепіл берушінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындағанын растайтын кепіл ұстаушының өтініші негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте кепіл ұстаушы тіркелген кепілді тоқтату туралы өтінішті кепіл беруші берген кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, осы өтінішті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы жіберуге міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерге қоса, өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді тіркеу туралы өтініште:
1) кепіл талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шартқа не кепіл бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шартқа (оның ішінде активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа) қол қойылған күн;
2) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу жағдайларын қоспағанда, тіркеуші орган немесе Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі;
3) енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы;
4) кепіл беруші мен кепіл ұстаушының (олардың өкілдерінің) қолтаңбасы, ал кепіл шарттары бойынша құқықтар (талаптар) басқаға берілген кезде – жаңа кепіл ұстаушының ғана қолтаңбасы, сондай-ақ құқықтарын (талаптарын) басқаға берген кепіл ұстаушы қол қойған келісім қамтылуға тиіс.
3. Өтініште осы баптың 2-тармағына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.18-бап. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы деректердің ашықтығы
1. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы мәліметтер барлық заңды және жеке тұлғалар үшін ашық болып табылады.
Ақпарат беру "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген нормалар сақтала отырып жүзеге асырылады.
2. Осы Заңның 3-бабында көрсетілген жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастарға кез келген қатысушының өтініші бойынша тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация осы Заңның 10-бабының 4-тармағын ескере отырып, жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімінен үзінді көшірме нысанында ақпарат беруге міндетті, ол:
1) кепіл туралы мәліметтер үзінді көшірме берілген күннің алдындағы жұмыс күнінің соңында берілгеніне нұсқауды қамтуға;
2) тіркеуші органның уәкілетті лауазымды адамының қолы қойылуға және тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның мөрімен куәландырылуға тиіс.
3. Белгілі бір жылжымалы мүлікке қатысты кепіл туралы қандай да бір жазбалар болмаған жағдайда көшірмеде осыған тиісті сілтеме болуға тиіс.
4. Алып тасталды.
5. Алып тасталды.
Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.13 № 11, 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.19-бап. Сот шешімі негізінде кепілдің тіркелуін тоқтату
Мүдделі тұлғаның кепілді немесе оның тіркелуін жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің негізінде кепілдің тіркелуінің күшін жою туралы тіркеуші органға немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш беруге құқығы бар.
Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).3-тарау. Дауларды шешу және тіркеу тәртібінің бұзылуы үшін жауапкершілік
Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге және оны тіркеу туралы ақпаратты беруге байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).21-бап. Тіркеу тәртібін бұзғаны және тіркеу туралы ақпарат бергені үшін жауапкершілік
1. Тіркеуші орган немесе Мемлекеттік корпорация:
1) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу ережелерін сақтамағаны;
2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу және тізілімге енгізу үшін өзіне берілген жылжымалы мүлік кепілін ақпараттың дәл болмауы, олардың толық енгізілмегені және ақпараттың бұрмаланғаны;
3) мүдделі тұлғалардың сұратуы бойынша жылжымалы мүлік кепілі тізілімінен көшірме беруден бас тартқаны;
4) тіркеу үшін берілген құжаттар мен ақпаратты, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне енгізілген ақпаратты сақтау тәртібін бұзғаны;
5) коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты жария еткені;
6) жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алымның толықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Тіркеу, ақпарат беру тәртібін бұзу, ақпараттың мазмұнын бұрмалау арқылы келтірілген залалдарды тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтеуге тиіс. Мәліметтерді қасақана бұрмалау және заң бойынша беруге болатын және берілуге тиіс ақпаратты жасыруға ықпал жасайтын өзге де әрекеттер заңда белгіленген тәртіппен қудаланады.
Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.13 № 11, 2006.12.11 № 201 (01.01.2007 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
22-бап. Заңның күшіне енгізілуі
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі және ол күшіне енгізілгеннен кейін туындаған құқық қатынастарына осы Заңның 23-бабының ережелері ескеріле отырып қолданылады.
1. Осы Заң күшіне енгізілгеннен кейін 60 күн ішінде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің белгілі бір мәні жөніндегі басымдыққа оны тіркеу кезінде осы Заң күшіне енгізілгенге дейін кепіл туралы шарт жасасқан кепіл ұстаушылар ғана ие болады.
Мұндай кепілдерді тіркеу осы Заңның ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы бапқа сәйкес тіркелген кепілдердің басымдығы кепіл туралы шарт жасалған күнмен айқындалады.
| Қазақстан Республикасының |
| Президенті |
