Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақала аудандық мәслихатының "Жаңақала ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 14 мамырдағы № 17-14 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7373-07 болып тіркелді) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Жаңақала ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және қағидасын айқындау туралы";
көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жаңақала ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және қағидасы айқындалсын.";
көрсетілген шешімнің қосымшасының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Жаңақала ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және қағидасы";
көрсетілген шешімнің қосымшасының 4 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысының шекті жол берілетін шығыстар үлесі деңгейі бес (5) пайыз мөлшерінде айқындалады.";
көрсетілген шешімнің қосымшасының 6 тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.";
2. "Жаңақала аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін.
3. "Жаңақала ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіпте:
осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Жаңақала ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңақала ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | К. Каменов |