Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Өскемен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 4618 "Өскемен қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7983 болып тіркелген);
2) Өскемен қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 4433 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 4618 "Сайлау науқандары кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9112-16 болып тіркелген).
2. Шығыс Қазақстан облысы "Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Өскемен қаласының әкімі | А. Акышов |
