"Атырау облысы Махамбет ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы" Махамбет ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 14 наурыздағы № 71 қаулысын күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 6 наурыздағы № 84 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 12 наурызда № 38131 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Атырау облысы Махамбет ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы" Махамбет ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 14 наурыздағы № 71 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіміне № 5268-06 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Махамбет ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Махамбет ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Махамбет ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Махамбет ауданының әкімі К. Нурлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады