Атырау облысы Махамбет ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2025 жылғы 14 наурыздағы № 71 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 20 наурызда № 5268-06 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағының 5-8) тармақшасына сәйкес және су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыру мақсатында, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ортақ су пайдалану талаптарын ескере отырып Атырау облысы Махамбет ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтары белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Махамбет ауданының әкімі К. Нурлыбаев

  Махамбет ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 14 наурыздағы
№ 71 қаулысына қосымша

Атырау облысы Махамбет ауданының су айдындарындағы рекреациялық балық аулау аймақтары

1-учаске:

      Бұл учаске Махамбет ауданының Бейбарыс ауылдық округінің әкімшілік аумағында, "Caspian Эко-Тур" ЖШС жер теліміне жақын, бұрынғы Пешной ауылының қарама-қарсы жағында орналасқан. Су айдынында, өзеннің ағысынан төмен орналасқан.

      Координаттары: N 46°55'2,71240 E 51°10’4,45547 N 46°55’42,69743 E 51°41’6,18803

      Ұзындығы: 1800 метр.

2-учаске:

      Бұл учаске Махамбет ауданының Бейбарыс ауылдық округінің әкімшілік аумағында, Дамбинский ағынының екінші бөлігінде, өзеннің ағысынан төмен орналасқан.

      Координаттары: N 46°55’42,69743 E 51°41’6,18803 N 46°55’39,14076 E 51°41’10,68062

      Ұзындығы: 151 метр.

3-учаске:

      Бұл учаске Атырау қаласының Дамбы ауылдық округінің әкімшілік аумағында, "Приморский" ағынынаң 500 метр қашықтықта, өзеннің ағысынан төмен орналасқан.

      Координаттары: N 46°55’39,14076 E 51°41’10,68062 N 46°54’59,64708 E 51°40’8,12370

      Ұзындығы: 1800 метр.

4-учаске:

      Бұл учаске Атырау қаласының Дамбы ауылдық округінің Пешной түбегі ауданында, "Caspian Эко-Тур" ЖШС жер теліміне жақын, өзен жағасында, өзеннің ағысынан төмен орналасқан.

      Координаттары: N 46°54’59,64708 E 51°40’8,12370 N 46°55’,71240 E 51°10’4,45547

      Ұзындығы: 123 метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады