Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" 2019 жылғы 5 қарашадағы №4/605 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 1/37 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 қаңтарда № 37909 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осықаулының 3 тармағымен.
      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" 2019 жылғы 5 қарашадағы №4/605 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1595 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Алматы қаласы Экономика және қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
      Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады