Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" 2019 жылғы 5 қарашадағы №4/605 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1595 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы қаласы Экономика және қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Алматы қаласының әкімі | Д. Сатыбалды |