Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңның 27-бабына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 190 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7685 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұзынкөл аудандық мәслихаттың төрағасы | Н. Булатов |
