Мәслихаттың 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 86 "Ұзынкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 216 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 9 сәуірде № 38378 болып тіркелді

      Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ұзынкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" мәслихаттың 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 86 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10192-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұзынкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Ұзынкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары айқындалсын.";

      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұзынкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) пайыз мөлшерінде айқындалды.";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның шығындар сметасына және көрсетілетін қызметті алушыларға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шоттарға сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге берілетін ай сайынғы жарналар туралы өнім берушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларының 4-1-тармағына сәйкес есептейді.".

      2. "Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуы қамтамасыз етілсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл аудандық мәслихаттың төрағасы Н. Булатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады