Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 02.04.2026 № 216 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Ұзынкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 02.04.2026 № 216 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұзынкөл аудандық мәслихаттың төрағасы | Н. Булатов |
| Мәслихатының | |
| 2024 жылғы 17 сәуірдегі | |
| № 86 шешіміне | |
| 1 қосымша |
Ұзынкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары
Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 02.04.2026 № 216 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ұзынкөл ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) ақы төлеу үшін көрсетіледі:
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
3. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Тұрғын үй көмегін беру қағидалары) бұйрығымен айқындалған тәртіппен есептейді.
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) пайыз мөлшерінде айқындалды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 02.04.2026 № 216 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің ұлғаюына өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаларға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінеді.
"Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 17.02.2025 № 146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның шығындар сметасына және көрсетілетін қызметті алушыларға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шоттарға сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге берілетін ай сайынғы жарналар туралы өнім берушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларының 4-1-тармағына сәйкес есептейді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 02.04.2026 № 216 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың дербес шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.
| Мәслихатының | |
| 2024 жылғы 17 сәуірдегі | |
| № 86 шешіміне | |
| 2 қосымша |
Ұзынкөл аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі
1. Мәслихаттың 2017 жылғы 2 ақпандағы № 76 "Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6831 болып тіркелген).
2. Мәслихаттың 2019 жылғы 27 ақпандағы № 260 "Мәслихаттың 2017 жылғы 2 ақпандағы № 76 "Әлеуметтік көмек көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6449 болып тіркелген).
3. Мәслихаттың 2020 жылғы 21 мамырдағы № 377 "Мәслихаттың 2017 жылғы 2 ақпандағы № 76 "Әлеуметтік көмек көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9218 болып тіркелген).
4. Мәслихаттың 2021 жылғы 1 қарашадағы № 71 "Мәслихаттың 2017 жылғы 2 ақпандағы № 76 "Әлеуметтік көмек көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25499 болып тіркелген).