Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 177 "Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 21 қаңтардағы № 5 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 22 қаңтарда № 37873 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің "Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" 2018 жылғы 26 маусымдағы № 177 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7946 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Cарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыкөл ауданының әкімі М. Шымырбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады