"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің "Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" 2018 жылғы 26 маусымдағы № 177 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7946 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Cарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сарыкөл ауданының әкімі | М. Шымырбеков |