Лисаков қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қалалық мәслихатының 2026 жылғы 20 тамыздағы № 264 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 24 тамызда № 39673 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Лисаков қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихатының төрағасы К. Мухамадиева

  Мәслихаттың
  2026 жылғы 20 тамыздағы
  № 264 шешіміне
  қосымша

Лисаков қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 57 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10097 болып тіркелген).

      2. "Мәслихаттың 2023 жылғы 23 қарашадағы № 57 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы"Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 74 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10149-10 болып тіркелген).

      3. "Мәслихаттың 2023 жылғы 23 қарашадағы № 57 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2024 жылғы 3 қазандағы № 129 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10277-10 болып тіркелген).

      4. "Мәслихаттың 2023 жылғы 23 қарашадағы № 57 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 169 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10455-10 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады