"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Лисаков қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 98 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7646 болып тіркелді).
2. "Лисаков қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Лисаков қаласының әкімі | А. Ибраев |