Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 31 наурыздағы № 87 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 сәуірде № 38283 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.


      Қостанай облысының әкімі                                    К. Аксакалов


      Келісілді

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

      министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау комитетінің Қостанай облысының

      Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

      департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі

      Келісілді

      "Қазақстан Республикасы Су ресурстары

      және ирригация министрлігінің Су ресурстарын

      реттеу, қорғау және пайдалану комитеті

      Су ресурстарын қорғау және пайдалануды

      реттеу жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік

      су инспекциясы" республикалық

      мемлекеттік мекемесі

      Қостанай облысы әкімдігінің

      2026 жылғы 31 наурыздағы

      № 87 қаулысына

      қосымша

Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29029 болып тіркелген).

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 "Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 10 қазандағы № 442 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30178 болып тіркелген).

      3. "Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 "Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 550 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31139 болып тіркелген).

      4. "Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 "Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 122 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9944 болып тіркелген).

      5. "Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 "Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 248 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10028 болып тіркелген).

      6. "Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 "Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 шілдедегі № 279 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10039 болып тіркелген).

      7. "Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 "Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 403 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10063 болып тіркелген).

      8. "Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 "Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 575 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10128-10 болып тіркелген).

      9. "Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 "Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 76 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10148-10 болып тіркелген).

      10. "Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 "Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 мамырдағы № 203 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10214-10 болып тіркелген).

      11. "Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 "Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 308 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10250-10 болып тіркелген).

      12. "Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 "Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 28 наурыздағы № 73 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10412-10 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады