ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Түпқараған ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 қаңтардағы №12/72 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4667-12 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы | А. Байбатырова |
