Түпқараған ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 12/72 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 16 қаңтарда № 4667-12 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2026 жылғы 13 қаңтардағы № 38/182 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 13.01.2026 № 38/182 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түпқараған ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшері 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы А. Нугманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады