Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 ақпандағы № 26/8 "Шиелі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне (Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 4 наурызда № 8591-11 болып тіркелген) өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Шиелі ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Шиелі ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары айқындалсын.";
көрсетілген шешімнің қосымшасында айқындалған Шиелі ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шиелі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оның "Шиелі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шиелі ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шиелі аудандық мәслихат төрағасы | М. Турабаев |
| Шиелі аудандық мәслихатының 2026 жылғы 26 маусымдағы № 48/3 шешіміне қосымша |
| Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 ақпандағы № 26/8 шешіміне 1 қосымша |
Шиелі ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғын жайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға), Шиелі ауданында тұратындарға:
ағымдағы және жинақтау жарналарын;
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2-тарау. Шиелі ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі
3. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі көрсетілетін қызметті берушімен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес есептеледі.
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне 10 (он) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1 тармағына сәйкес есептейді.
5. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
6. Тұрғын үй көмегін тағайындау толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі мен коммуналдық қызметтерінің өткен тоқсандағы шығындары есепке алынады.
7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
8. Көрсетілген қызметті алушыға тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті берушімен есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың немесе қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
