Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 26.06.2026 № 48/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 5-тармағына және "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Шиелі ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 26.06.2026 № 48/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Шиелі аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шиелі аудандық мәслихат төрағасы | М. Турабаев |
| Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 ақпандағы № 26/8 шешіміне 1 қосымша |
Шиелі ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 26.06.2026 № 48/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғын жайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға), Шиелі ауданында тұратындарға:
ағымдағы және жинақтау жарналарын;
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2-тарау. Шиелі ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі
3. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі көрсетілетін қызметті берушімен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес есептеледі.
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне 10 (он) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1 тармағына сәйкес есептейді.
5. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
6. Тұрғын үй көмегін тағайындау толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі мен коммуналдық қызметтерінің өткен тоқсандағы шығындары есепке алынады.
7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
8. Көрсетілген қызметті алушыға тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті берушімен есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың немесе қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
| Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 ақпандағы № 26/8 шешіміне 2-қосымша |
Шиелі аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Шиелі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қазандағы № 30/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6506 болып тіркелген);
2. ""Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қазандағы №30/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №49/25 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7059 болып тіркелген);
3. ""Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қазандағы №30/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 наурыздағы №51/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7327 болып тіркелген);
4. "Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қазандағы №30/3 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы"" Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 қарашадағы №14/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25369 болып тіркелген).
