Балқаш қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 14/122 "Балқаш қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 29/239 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 4 мамырдағы № 38651 болып тіркелді

      Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Балқаш қалалық мәслихатының "Балқаш қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 19 маусымдағы №14/122 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6617-09 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Балқаш қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Балқаш қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін".

      көрсетілген шешіммен бекітілген Балқаш қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Балқаш қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары";

      1 - тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ағымдағы және жинақтау жарналарын;";

      4 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында бекітілген нормалар шегінде есептейді.";

      9 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік корпорациясынан не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап тұрғын үй көмегін көрсету туралы құжаттарды қарау және шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларымен белгіленген тәртіппен анықталады.".

      2. "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Балқаш қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Муслымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады