Талдықорған қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2026 жылғы 18 маусымдағы № 54-296 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 25 маусымда № 39086 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Т.Ахажан

  шешіміне қосымша

Талдықорған қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 11-68 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 91-19 болып тіркелген).

      2. "Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы "Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 11-68 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 мамырдағы № 22-133 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 220-19 болып тіркелген).

      3. "Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы "Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 11-68 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 қарашадағы № 27-162 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 255-19 болып тіркелген).

      4. "Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы "Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 11-68 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Талдықорған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 наурыздағы № 35-198 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 287-19 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады