Жезқазған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 32/182 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2026 жылғы 17 маусымдағы № 45/256 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 24 маусымда № 39070 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 15 сәуірдегі №32/182 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189-20 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жезқазған қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін Жезқазған қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Р. Капарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады