"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 15 сәуірдегі №32/182 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189-20 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Жезқазған қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін Жезқазған қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы | Р. Капарова |