"Тараз қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Тараз қаласы әкімінің шешімі

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 38578 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тараз қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оның Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Б. Орынбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"
Тараз қалалық аумақтық
сайлау комиссиясы

  2026 жылғы 27 сәуірдегі № 3
Шешіміне қосымша

Тараз қаласы әкімінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) "Сайлау учаскелерін құру туралы" Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5222-08 болып тіркелген);

      2) "Сайлау учаскелерін құру туралы" Тараз қаласы әкімінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімінің 2025 жылғы 11 наурыздағы № 14 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5264-08 болып тіркелген);

      3) "Сайлау учаскелерін құру туралы" Тараз қаласы әкімінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 8 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 21 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5274-08 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады