Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының "Жамбыл Бас Жоспары" зерттеу-жобалау дамыту институты" КММ-нің азаматтық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 86 қаулысы

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының "Жамбыл Бас Жоспары" зерттеу-жобалау дамыту институты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары бекітілсін.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2026 жылғы "28" сәуірдегі
№ 86 қаулысына қосымша

"Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының "Жамбыл Бас Жоспары" зерттеу-жобалау дамыту институты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының "Жамбыл Бас Жоспары" зерттеу-жобалау дамыту институты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме) азаматтық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – тәртіп пен шарттар) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақылар төлеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер жалақы болып табылады.

      Осы тәртіп пен шарттарда көрсетілген Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемақыларын төлеу қызметкерлерді еңбекке ынталандырудың басқа түрлерін (сыйлықақы, қосымша төлемдер, лауазымды біріктіру, үстеме жұмыс) төлемеуге негіз болып табылмайды.

      3. Мекемеде кредиторлық берешектің болуы Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемақыларын төлеуге кедергі келтірмейді.

      4. Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты әрбір қаржы жылында Мекеменің қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) көзделуге тиіс.

      Үстемеақылар төлеуді қаржыландыру көзі жергілікті бюджет болып табылады.

      5. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшері негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырып, өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

2-тарау. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі

      6. Үстемеақылар Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) шешіміне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) басшысының бұйрығымен белгіленеді. Комиссияның қарауына қызметкерлерге үстемеақылар белгілеу жөніндегі ұсынысты Мекеме басшысы енгізеді.

      7. Мекеме басшысына үстемеақы белгілеу жөніндегі ұсынысты комиссияның қарауына Басқарма басшысы енгізеді.

      8. Комиссияны құру және комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді Басқарма басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қабылдайды.

      9. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақсанды, бірақ кемінде үш адамды құрайды.

      10. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.

      11. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады, оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      12. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды.

      13. Қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу комиссияның отырысында жылына бір рет қаралады.

3-тарау. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары

      14. Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар келесі функцияларды орындағаны үшін белгіленеді:

      1) аумақтар бойынша тиісті зерделеу жұмыстары жүргізіліп, оларды абаттандыру және тиімді пайдалану мақсатында эскиздік жобалар әзірленеді, яғни Жамбыл облысы бойынша зерделеу жұмыстары тұрақты жүргізу;

      2) урбанистика саласын енгізу және дамыту;

      3) Тараз қаласының ландшафтық-шеберлік жоспарын әзірлеу;

      4) Тараз қаласының сәулеттік жарық-шеберлік жоспарын әзірлеу;

      5) Тараз қаласының көгалдандыру сапасының стандартын әзірлеу;

      6) Тараз қаласының бірыңғай сәулеттік келбеттің стандартын әзірлеу;

      7) Халықтың қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында урбанистика саласын зерделеу және өңірге озық тәжірибелерді енгізу;

      8) Елді мекендердің бірыңғай сәулеттік-көркемдік бейнесін қалыптастыру үшін "Дизайн-кодты" әзірлеу, бекіту және оны қолданысқа енгізу процестерін ұйымдастыру;

      9) Жамбыл облысы бойынша эскиздік жобаларды әзірлеуді қамтамасыз ету, тапсырыс берушінің сұранысы бойынша сметалық құжаттамалардың сәйкестігін тексеру және нысандарды орнына барып зерделеу;

      10) Жамбыл облысының жасыл желек және көгалдандыру саласын дамыту шеңберінде дендрологиялық зерттеулер жүргізу және тиісті ұсынымдар дайындау;

      11) комиссияның шешімімен өзге де еңбек жағдайлары үшін белгіленуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады