Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкпекті аудандық мәслихатының "Көкпекті ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" 2020 жылғы 3 шілдедегі № 48-5/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7385 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Көкпекті ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Көкпекті ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары және мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген шешімнің 2 және 3-тармақтары алып тасталсын;
көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.";
көрсетілген шешімнің қосымшасында Көкпекті аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін келесі редакцияда жазылсын:
"Көкпекті аудандық мәслихатының
2020 жылғы 3 шілдедегі № 48-5/5
шешіміне 2-қосымша";
осы шешімнің қосымшасына сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын.
2. "Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін "Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Көкпекті аудандық мәслихатының төрағасы | |
| Т. Сарманов |
| Көкпекті аудандық мәслихатының 2026 жылғы 18 наурыздағы № 41-2 шешіміне қосымша Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 48-5/5 шешіміне 1-қосымша |
Көкпекті ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары және мөлшері
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Көкпекті ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі-мамандар) бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы шот – банктік шот шарты негізінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ашатын банктік шот;
2) коммуналдық көрсетілетін қызметтер – тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқыс әкетуді, лифтілерге қызмет көрсетуді қамтитын қызметтер;
3. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – "Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) жүзеге асырады.
2 тарау. Мамандарға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
4. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер (бұдан әрі - тізім) негізінде мамандардан өтініштер талап етілмей, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығын және қаржы операцияларын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы мамандардың ағымдағы шоттарына аудару арқылы ақшалай нысанда мемлекеттік ұйымдардың мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
5. Мамандарға әлеуметтік қолдау күнтізбелік жылда бір рет 13 (он үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
6. Әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру Көкпекті ауданының бюджетінде ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
7. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу жөніндегі мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі тізім түскен күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
8. ММ қызметкері мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының тізімдерін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды;
9. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73 және 74-баптарына сәйкес мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары ұсынған тізімдер сәйкес келмеген жағдайда, ММ алдын ала шешім туралы, әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын хабардар етеді.
Тізімдерді қарау нәтижелері бойынша ескертулер болмаған жағдайда ММ оң шешім қабылдайды және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және мамандардың ағымдағы шоттарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау төлемін көрсетеді.