Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 14-251/VIII "Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 16 қыркүйектегі № 38-749/VIII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 қыркүйекте № 39882 болып тіркелді

      Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Үржар аудандық мәслихатының "Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы" 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 14-251/VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 264-18 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешіммен бекітілген 1 қосымшада:

      1-тармақтың 2) тармақшасы орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тілінде мәтіні өзгермейді;

      1-тармақтың 4), 5) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) шекті жол берілетін шығыстар - аз қамтылған отбасының (азаматтарына) айына ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;

      5) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын цифрлық жүйе.";

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай немесе оның бөліктері ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда Үржар ауданының аумағында тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      ағымдағы және жинақтау жарналарын;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

       Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 5 (бес) пайызға дейін белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңнамаға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк актіге негiзделген өкiлеттігіне орай оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет өткен тоқсаннан кейінгі айдың 25-ші күнінен бастап мемлекеттік корпорацияға немесе "цифрлық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.";

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушылар ұсынған ағымдағы және жинақтау жарналарға арналған ай сайынғы шығыстар туралы шоттар және көрсетілетін қызметті алушыларға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шоттар бойынша көрсетіледі.".

      2. "Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін "Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үржар аудандық мәслихатының төрағасы
      А. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады