Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 25.11.2025 № 25-590/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 16.09.2026 № 38-749/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 25.11.2025 № 25-590/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Үржар аудандық мәслихатының төрағасы | |
| А. Омаров |
| Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 14-251/VIII шешіміне 1 қосымша |
Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары
Ескерту. 1-қосымшаның атауы жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 25.11.2025 № 25-590/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
Ескерту. 2)-тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 16.09.2026 № 38-749/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде ескерілетін кіріс түрлерінің сомасы;
4) шекті жол берілетін шығыстар - аз қамтылған отбасының (азаматтарына) айына ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;
5) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын цифрлық жүйе.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 25.11.2025 № 25-590/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 16.09.2026 № 38-749/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай немесе оның бөліктері ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда Үржар ауданының аумағында тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
ағымдағы және жинақтау жарналарын;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 16.09.2026 № 38-749/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Абай облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырылады.
4. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағида) айқындалған тәртіппен есептейді.
5. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 5 (бес) пайызға дейін белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 16.09.2026 № 38-749/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).6. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлем тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңнамаға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк актіге негiзделген өкiлеттігіне орай оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет өткен тоқсаннан кейінгі айдың 25-ші күнінен бастап мемлекеттік корпорацияға немесе "цифрлық үкімет" веб-порталына жүгінеді.
Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 16.09.2026 № 38-749/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).8. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушылар ұсынған ағымдағы және жинақтау жарналарға арналған ай сайынғы шығыстар туралы шоттар және көрсетілетін қызметті алушыларға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шоттар бойынша көрсетіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 16.09.2026 № 38-749/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).9. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
10. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
| Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 14-251/VIII шешіміне 2 қосымша |
Үржар аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының "Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 57-745/VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8048 болып тіркелген);
2. Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының "Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 57-745-VI "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 5 қазандағы № 18-302/VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30079 болып тіркелген);
3. Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының "Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 57-745/VI "Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2-30/VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 59-18 болып тіркелген);
4. Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының "Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 57-745/VI "Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 7-182/VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 178-18 болып тіркелген).