Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабының 2 тармағына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бесқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 қазандағы № 21/11-VІІІ "Бесқарағай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 352-18 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Бесқарағай аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Бесқарағай аудандық мәслихатының төрағасы | |
| М. Абылгазинова |
