Абай облысы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 35/237-VIII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 сәуірде № 38267 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Абай облысы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Абай облысы мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін "Абай облысы мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы мәслихатының төрағасы
      Ш. Байбеков

  Абай облысы мәслихатының
2026 жылғы 31 наурыздағы
№ 35/237-VIII шешіміне
қосымша

Абай облысы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIIІ "Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 47-18 болып тіркелген);

      2. Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 11/84-VIIІ "Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIIІ "Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 195-18 болып тіркелген);

      3. Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 23/156-VIII "Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIIІ "Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 391-18 болып тіркелген). 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады