Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Абай облысы мәслихатының 13.12.2024 № 23/156-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 болып тіркелген), Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы мәслихатының 13.12.2024 № 23/156-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысы мәслихатының төрағасы | |
| К. Сулейменов |
| Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIII шешімнің қосымшасы |
Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Абай облысы мәслихатының 13.12.2024 № 23/156-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Арнаулы су пайдаланудың түрі (өлшем бірлігі) | |||||||
№ | Өзендер, көлдер бассейні | Тұрғын-үй пайдалану және коммунал-дық қызметтер (теңге/1000 текше метр) | Өнеркәсіп жылу энерге-тикасын қоса есептегенде (теңге/1000 текше метр) | Ауыл шаруашылығы (теңге/1000 текше метр) | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруа-шылықтары (теңге/1000 текше метр) | Су энергетика (теңге/1000 киловатт-сағат) | Су көлігі (теңге/1000 тонна-километр) |
1 | Ертіс өзенінің бассейні | 199,23 | 572,39 | 161,28 | 161,28 | 60,09 | 22,13 |
2 | Балқаш және Алакөл көлдерінің бассейні | 183,42 | 505,99 | 145,47 | 139,15 | 53,77 | 15,81 |
