Бурабай аудандық мәслихатының кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 13 ақпандағы № 8С-40/1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 ақпанда № 37993 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бурабай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы М.Нурпанова

  Бурабай аудандық
мәслихатының
2026 жылғы 13 ақпандағы
№ 8С-40/1 шешіміне
қосымша

Бурабай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) "Бурабай ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 ақпандағы № 6С-12/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5803 болып тіркелген);

      2) "Бурабай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 ақпандағы № 6С-12/3 "Бурабай ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салықтың базалық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 6С-24/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6409 болып тіркелген);

      3) "Бурабай ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін, салық мөлшерлемелерін түзету туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 7С-31/1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30895 болып тіркелген);

      4) "Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 8С-15/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8722-03 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады