"Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 14 қазандағы № 280 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 14 қазанда № 40170 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19188 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігімен жүк тасымалдау қағидаларында:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) инфрақұрылым учаскесінің өткізу қабілеті – инфрақұрылымның, жылжымалы составтың техникалық және технологиялық мүмкіндіктеріне және әртүрлі санаттардағы поездарды өткізуді ескере отырып, поездардың қозғалысын ұйымдастыру тәсілдеріне қарай, есепті уақыт кезеңі (тәулік) ішінде инфрақұрылым учаскесі бойынша өткізілуі мүмкін поездар мен поезд жұптарының ең жоғары саны;";

      мынадай мазмұндағы 21-1, 21-2 және 21-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "21-1. Инфрақұрылым учаскесінің өткізу қабілеті жеткіліксіз болған жағдайда жүк жөнелтушілердің өтінімдерін (жоспарларын) қарау және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезектілігі осы Қағидалардың 21-2 және 21-3-тармақтарына сәйкес айқындалады.

      21-2. Пойыздар қозғалысының нақты бағыты бойынша инфрақұрылым учаскесінің өткізу қабілеті жеткіліксіз болған кезде тасымалдаушы жүк жөнелтушілердің өтінімдерін қарауды, келісуді және жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді мынадай кезектілікпен көрсетуді қамтамасыз етеді:

      1) мынадай тасымалдар:

      пойыздар қозғалысын қалпына келтіру және өрттерді сөндіру үшін жүзеге асырылатын;

      Қазақстан Республикасының "Соғыс жағдайы туралы", "Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" және "Азаматтық қорғау туралы" заңдарына сәйкес төтенше және соғыс жағдайы енгізілген кезде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін қажетті жүктерді тасымалдау;

      арнаулы және әскери тасымалдар;

      2) қатынастың барлық түрлерінде контейнерлік тасымалдар;

      3) жүктердің халықаралық транзиттік тасымалдары;

      4) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 306 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28264 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Басым тауарлар тізбесінде көзделген жоғары өңдеу деңгейіндегі өнімдерді ішкі республикалық және экспорттық қатынастарда тасымалдау, сондай-ақ Тасымалдаушының тарифтік прейскурантына сәйкес мамандандырылған жылжымалы құрамда энергетикалық көмірсутек жүктерін тасымалдау;

      5) тез бұзылатын жүктерді және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 362-НҚ бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне енгізілген жүктерді тасымалдау, сондай-ақ жылыту маусымы кезеңінде энергетикалық кәсіпорындар мен коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмір тасымалдау;

      6) өнім өндіру және/немесе өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шикізат жүктерін, жинақтауыштарды, жабдықтарды отандық өндірушілерге (зауыттарға) тасымалдау;

      7) әмбебап теміржол жылжымалы құрамында энергетикалық шикізат жүктерін экспортқа тасымалдау;

      8) жоғарыда көрсетілген тізбеге енгізілмеген жүктерді тасымалдау.

      21-3. Бір кезектілік санатына жататын жүк тасымалдау қызметтерін көрсетуге қатысты бірнеше өтінім болған кезде және оларды бір мезгілде қанағаттандыру инфрақұрылымның өткізу қабілетімен шектелген жағдайда, мұндай өтінімдер арасында магистральдық теміржол желісінің қолжетімді өткізу және тасымалдау қабілетін бөлу тасымалдаушы тарапынан пропорционалдық коэффициентін қолдана отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Пропорционалдылық коэффициенті инфрақұрылым учаскесінің қолжетімді өткізу және тасымалдау қабілетінің нақты бағыт бойынша кезектіліктің осы санаты бойынша мәлімделген тасымалдардың жиынтық көлеміне қатынасы ретінде есептеледі.

      Пропорционалдылық коэффициентін қолдана отырып есептелген тасымалдау көлемі инфрақұрылым учаскесінің өткізу қабілетінен асып кеткен жағдайда, тасымалдаушы жүк жөнелтушіге баламалы маршрутты немесе тасымалдаудың өзге кезеңін ұсынады.

      Әрбір кезектілік санаты бойынша өткізу және тасымалдау қабілетінің 5%-ға дейінгі бөлігі жоспарлы кезең аяқталғаннан кейін берілген өтінімдерді келісу үшін резервке қойылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады