Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 362-нқ бұйрығы

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 117-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына осы бұйрықтың көшірмесін жолдауды

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Шаққалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және стратегиялық реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

  бұйрығына қосымша

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі

Р/с №

Тауардың атауы

1

2

1

Бірінші сортты бидай ұны

2

Бірінші сортты бидай ұнынан жасалған нан (пішінді)

3

Рожки

4

Қарақұмық жармасы (дән)

5

Тазартылған күріш (домалақ дәнді)

6

Картоп

7

Асханалық сәбіз

8

Басты пияз

9

Ақ қауданды қырыққабат

10

Қызанақ ("шие", "жүзім" сорттарынан басқа)

11

Қияр ("корнишондар"сортынан басқа)

12

Алма

13

Ақ қант – құмшекер

14

Күнбағыс майы

15

Сүйегі бар сиыр еті

16

Сүйексіз сиыр еті

17

Тартылған ет

18

Қой еті, оның ішінде сүйексіз

19

Жылқы еті, оның ішінде сүйексіз

20

Жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық (табан, мөңке, көксерке, тұқы, сазан)

21

Тауық еті (тауық жамбасы, сирағы, сан еті)

22

Тауық (ұшасы)

23

Майлылығы 2,2-6% пастерленген, ультра пастерленген, зарарсыздандырылған сүт дәмдік қоспалары жоқ (лактозасызды қоспағанда)

24

Майлылығы 2-3 % айран (лактозасызды қоспағанда)

25

Қаймақ (лактозасызды қоспағанда)

26

Майлылығы 5-9% сүзбе (лактозасызды қоспағанда)

27

Майлылығы 40-50% қатты, жарлытай қатты ірімшік

28

Сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5%-дан 80%-ға дейін, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)

29

Тауық жұмыртқасы (I санатты)

30

Қара шай (дәмдік қоспалары жоқ, пакеттелгендерден басқа)

31

Ac тұзы ("Экстра"-дан басқа)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады