БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 269 "Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38834 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларында:
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Мемлекеттік сараптама ұйымы қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін сараптама топтарын құрады, сондай-ақ мамандарды немесе мамандандырылған, оның ішінде шетелдік ұйымдарды тартады.
21. Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу барысында сараптама топтарының мүшелері:
1) тапсырыс берушілерден олар сарапшы белгілеген мерзімде ұсынатын қажетті материалдар мен ақпаратты сұратады және алады;
2) осы Қағидалардың 24, 25 және 26-тармақтарында көзделген тәртіппен оларды жою мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, қала құрылысы және техникалық регламенттердің, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың тармақтарына, баптарына сілтеме жасай отырып, дәлелді және негізделген ескертулер береді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларының 1-қосымшасында:
Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларының 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 215 "Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38636 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларының 2-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда енгізілсін.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркəсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркəсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
И. Шархан |
Елді мекендердің бас жоспарлары, елді мекендердің даму және құрылыс салу схемалары және егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасына ұсынылатын бастапқы материалдардың тізбесі
Елді мекендердің бас жоспарлары (бұдан әрі - Бас жоспар), елді мекендерді дамыту және құрылыс салу схемалары және егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары (бұдан әрі - ЕТЖЖ) бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуге тапсырыс берушінің өтініміне (оның деректемелері көрсетілген) мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. Қала құрылысы жобаларын әзірлеуге негіз болатын бастапқы материалдар:
1) тапсырыс беруші бекіткен қала құрылысы жобасының жобалау тапсырмасы;
2) сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандарда (аймақтарда) сейсмикалық микроаймақтандыру карталары, сондай-ақ олар болған кезде сел, көшкін және қар көшкіні қаупі мен тәуекелдерінің карталары;
3) тарихи құрылыс және ескерткіштерді қорғау аймағының тарих-сәулет сүйеніш жоспары мен жобасы (Бас жоспар ұсынылған кезде);
4) қала құрылысы жобалары бойынша қоғамдық және жария тыңдаулар мен қоғаммен талқылаулардың бекітілген хаттамалары;
5) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу;
6) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қала құрылысы жобасының (бас жоспары ұсынылған жағдайда) аумақтық-көліктік жоспарлануы мен жол қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныс хаты;
7) стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы тұжырымы бар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның әсерлер скринингі нәтижелері туралы қорытындысы немесе стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің сапасы қанағаттанарлық деп танылғаны туралы қорытынды;
8) мәслихатпен келісілген астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыс орталықтарының даму тұжырымдамасы (мастер-жоспары) (бар болған жағдайда);
9) бар болған жағдайда бекітілген дизайн-код;
10) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркелген топографиялық түсірілім;
11) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін, тарихи қалыптасқан құрылыс аумағында орналасқан, тіршілік ету ортасы мен адам денсаулығына әсер ететін қолданыстағы өндірістік кәсіпорындардың санитариялық-қорғау аймақтары және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтаудың жер асты және жер үсті көздерінің санитариялық күзет аймақтары бойынша жергілікті атқарушы органның шешімдері;
12) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзететін режимдік аумақтардың (объектілердің) іргелес аймақта орналастырылуы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің келісімі;
13) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық органының хаты:
жобаланатын аумақтан 1000 м радиуста топырақта сібір жарасы ошақтарының (сібір жарасы көмілген жерлердің) болмауы туралы;
қашықтықта зираттардың жоқтығы туралы:
тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, спорттық-сауықтыру және санаторийлік-курорттық аймақтардан 300 м кем (қолданыстағы зираттар үшін), 100 м кем (жабық зираттар үшін);
халықты ауыз сумен жабдықтау көзінен 1000 м кем, қашықтықтың жеткіліктілігін су көзінің санитарлық қорғау аймақтарының және сүзілу уақытының есептерімен растау қажет.
2. Сараптамаға ұсынылған қала құрылысы жобасын әзірлеуге тартылған тапсырыс беруші және жобалау ұйымы және өзге де жеке немесе заңды тұлғалар туралы ақпарат:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы заңнамада көзделген тапсырыс берушінің құжаттарының көшірмелері (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (бар болса);
2) тапсырыс берушінің банктік деректемелері;
3) заңды тұлғаның - жобалау ұйымының және қала құрылысы жобасын әзірлеуге тартылған өзге де жеке немесе заңды тұлғалардың жобалау қызметінің осы түріне құқық беретін лицензиаттың санаты көрсетіле отырып, оған қосымшалары бар лицензиясы;
4) қала құрылысы жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыстардың құны есебі.
3. Геоақпараттық жүйелерді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы жоспарлауы мен кадастры саласындағы заңнамасында көзделген ережелерді қолдана отырып әзірленген электрондық (векторлық) түрдегі қала құрылысы құжаттамасы мен қала құрылысы жобасының схемалары.
4. Қала құрылысы жобасы түзетілген жағдайда, оның бұрын қабылданған жобалық шешімдеріне енгізілетін өзгерістерді негіздейтін салыстырмалы кесте.
Аумақты дамытудың өңіраралық схемасы жобасының негізгі техникалық- экономикалық көрсеткіштері
Р/с № | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | Қазіргі жағдайы | Бірінші кезең |
Есептік | Болжамды кезең |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Аумақ | |||||
1) | Барлығы | мың гектар | ||||
оның ішінде: | ||||||
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер | мың гектар/% | |||||
елді мекендердің жерлері, оның ішінде: | ||||||
қалалық | мың гектар/% | |||||
ауылдық | мың гектар/% | |||||
өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | мың гектар/% | |||||
ерекше қорғалатын аумақтардың жері | мың гектар/% | |||||
сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер | мың гектар/% | |||||
орман қорының жері | мың гектар/% | |||||
су қорының жері | мың гектар/% | |||||
босалқы жер | мың гектар/% | |||||
2 | Халық | |||||
1) | Барлығы | мың адам | ||||
оның ішінде: | ||||||
қала халқының саны | мың адам/халықтың жалпы санының % | |||||
ауыл халқының саны | мың адам/халықтың жалпы санының % | |||||
2) | Халықтың табиғи қозғалысының көрсеткіштері: | |||||
туылғандар саны | мың адам | |||||
қайтыс болғандар саны | мың адам | |||||
өсуі/кемуі | мың адам | |||||
3) | Халықтың көші-қон көрсеткіштері: | |||||
келгендер саны | мың адам | |||||
кеткендер саны | мың адам | |||||
өсуі/кемуі | мың адам | |||||
4) | Қалалар санынан, барлығы | бірлік | ||||
ірі (есептік саны 501,0 мың адамнан асатын) | бірлік | |||||
үлкен (халықтың есептік саны 101,0-ден 500,0 мың адамға дейін) | бірлік | |||||
орташа (халықтың есептік саны 51,0-ден 100,0 мың адамға дейін) | бірлік | |||||
шағын (халықтың есептік саны 50,0 мың адамға дейін) | бірлік | |||||
5) | Кенттер | бірлік | ||||
6) | Ауылдар | бірлік | ||||
7) | Халықтың тығыздығы | мың адам/1 километр2 | ||||
8) | Халықтың жас құрылымы: | |||||
15 жасқа дейінгі балалар | мың адам/халықтың жалпы санының % | |||||
еңбекке қабілетті жастағы халық | мың адам/халықтың жалпы санының % | |||||
еңбекке қабілетті жастан асқан халық | мың адам/халықтың жалпы санының % | |||||
9) | Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылған халық | мың адам/жұмыспен қамтылған халық санының % | ||||
оның ішінде: | ||||||
өнеркәсіп | мың адам/халықтың жалпы санының % | |||||
құрылыс | мың адам/халықтың жалпы санының % | |||||
ауыл шаруашылығы | мың адам/халықтың жалпы санының % | |||||
білім | мың адам/халықтың жалпы санының % | |||||
денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер | мың адам/халықтың жалпы санының % | |||||
өзгелері | мың адам/халықтың жалпы санының % | |||||
3 | Экономикалық әлеует | |||||
1) | Өнеркәсіп өндірісінің көлемі | миллиард теңге | ||||
2) | Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі | миллиард теңге | ||||
4 | Тұрғын үй қоры | |||||
1) | Барлығы | жалпы ауданның мың метр2, % | ||||
оның ішінде: | ||||||
қалалық елді мекендерде | жалпы ауданның мың метр2, % | |||||
ауылдық елді мекендерде | жалпы ауданның мың метр2, % | |||||
2) | Халықтың тұрғынжайдың жалпы ауданымен қамтамасыз етілуі: | метр2/адам | ||||
қалалық елді мекендерде | метр2/адам | |||||
ауылдық елді мекендерде | метр2/адам | |||||
5 | Халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері | |||||
1) | Мектепке дейінгі, бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдары | тиісті бірліктер | ||||
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары | бірлік/оқушылар | |||||
Күндізгі жалпы білім беретін мектептер | бірлік/мың орын | |||||
Мектепке дейінгі ұйымдар | бірлік/мың орын | |||||
2) | Мәдениет және өнер ұйымдары: | тиісті бірліктер | ||||
оның ішінде: | ||||||
театрлар | бірлік/орын | |||||
кинотеатрлар | бірлік/орын | |||||
кітапханалар | бірлік/мың том | |||||
клуб типіндегі ұйымдар | бірлік/орын | |||||
3) | Денсаулық сақтау ұйымдары (ауруханалар, емханалар, перзентханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер және басқа да медициналық пунктер): | тиісті бірліктер | ||||
оның ішінде: | ||||||
Стационарлық көмек көрсететін ұйымдар | төсек | |||||
Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар | ауысымға келу | |||||
4) | Шипажай-курорт мақсатындағы, демалыс және туристік (шипажайлар, пансионаттар, демалыс үйлері, лагерь және басқалары) объектілер | төсек-орын | ||||
5) | Әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдары | |||||
оның ішінде: | ||||||
Медициналық-әлеуметтік мекемелер | бірлік/орын | |||||
Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелер | бірлік/орын | |||||
Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі балаларға арналған (оның ішінде психоневрологиялық патологиялары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған) ұйымдар | бірлік/орын | |||||
6 | Көлік инфрақұрылымы | |||||
1) | Теміржол қатынастарының ұзындығы | километр | ||||
2) | Кепілді тереңдігі бар кеме жүзетін өзен жолдарының ұзындығы | километр | ||||
3) | Автомобиль жолдарының ұзындығы, барлығы | километр | ||||
оның ішінде: | ||||||
республикалық маңызы бар (халықаралық маңызы бар) | километр | |||||
облыстық маңызы бар | километр | |||||
аудандық маңызы бар | километр | |||||
4) | Газ құбырларының ұзындығы | километр | ||||
5) | Мұнай құбырларының ұзындығы | километр | ||||
6) | Көлік желісінің тығыздығы: | километр/100 километр2 | ||||
теміржол | километр/100 километр2 | |||||
автомобиль | километр/100 километр2 | |||||
7) | Әуежайлар | тиісті бірліктер | ||||
оның ішінде: | ||||||
халықаралық маңызы бар | тиісті бірліктер | |||||
мемлекеттік (ұлттық) | тиісті бірліктер | |||||
жергілікті | тиісті бірліктер | |||||
7 | Инженерлік инфрақұрылым | |||||
1) | Сумен жабдықтау: | |||||
Жерасты көздерінің ресурстары | миллион метр3 | |||||
Жерүсті көздерінің ресурстары | мың метр3 | |||||
Су тұтыну - барлығы | мың метр3/тәулігіне | |||||
оның ішінде: | ||||||
шаруашылық-ауызсу қажеттілігіне | мың метр3/тәулігіне | |||||
өнеркәсіптік қажеттіліктерге | мың метр3/тәулігіне | |||||
ауыл шаруашылығы қажеттілігіне | мың метр3/тәулігіне | |||||
1 адамға орташа тәуліктік су тұтыну | литр/тәулігіне бір адамға | |||||
Су бұру-барлығы: | миллион метр3/жылына | |||||
су объектілеріне | миллион метр3/жылына | |||||
2) | Электрмен жабдықтау: | |||||
Белгіленген қуаты, барлығы | мегаватт | |||||
оның ішінде: | ||||||
гидроэлектр станциялар | % | |||||
жылу электр станциялары | % | |||||
атом электр станциялары | % | |||||
жаңартылатын энергия көздері | % | |||||
Есептік қажеттілік: | миллион киловатт/сағатына | |||||
оның ішінде: | ||||||
коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер | миллион киловатт/сағатына | |||||
өндірістік қажеттіліктер | миллион киловатт/сағатына | |||||
Кернеуі 35 киловольт және одан жоғары электр беру желілерінің ұзындығы | километр | |||||
3) | Жылумен жабдықтау: | |||||
Белгіленген қуаты | мың гигакалория/сағатына | |||||
Есептік қажеттілік: | миллион гигакалория | |||||
4) | Газбен жабдықтау: | |||||
Есептік қажеттілік: | миллион метр3/жыл | |||||
оның ішінде: | ||||||
коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер | миллион метр3/жыл | |||||
өндірістік қажеттіліктер | миллион метр3/жыл | |||||
5) | Байланыс | |||||
Интернетті пайдаланушылар саны | % | |||||
8 | Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану | |||||
1) | Атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары елді мекендер саны | бірлік | ||||
2) | Ластаушы заттардың нормативтік шығарындыларының көлемі | мың тонна/жыл | ||||
3) | Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жаратудың олардың түзілуіне үлесі | % | ||||
4) | Ластаушы заттардың нормативтік төгінділерінің көлемі | мың тонна/жыл | ||||
5) | Аумақтың ормандылығы | % | ||||
6) | Өңірдің жалпы алаңына қарағанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың үлесі | % | ||||
9 | Өрт сөндіру депосының ғимараттары | депо/автомобильдер саны |