"Берешек сомасы туралы хабарламалардың және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 341 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 608 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 қыркүйекте № 39856 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Берешек сомасы туралы хабарламалардың және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 341 (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20288 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2) көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      3) көрсетілген бұйрыққа 5-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында алғашқы ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады