Берешек сомасы туралы хабарламалардың және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің нысандарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 341 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 сәуірде № 20288 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 256-бабына, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 01.03.2024 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасы туралы хабарламаның нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы туралы хабарламаның нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша өтілмеген берешегі бар агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомасы туралы хабарламаның нысаны;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 01.03.2024 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Берешек сомасы туралы хабарламалардың және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 599 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17133 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 5 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -
Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қаржы министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 341 Бұйрығына
1-қосымша
  нысан

Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасы туралы хабарлама

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 21.01.2026 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) бұйрығымен.


20__ жылғы "___" ________


№ ______________

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік

      кодекс) 256-бабы 2-тармағына сәйкес

      ___________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      Сізге ___________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

      _________________________________________________________________

      құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі – тегі, аты және әкесінің аты) немесе

      _________________________________________________________________

      төлеушінің толық атауы, жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі,

      _________________________________________________________________

      заңды мекен-жайы)

      20__ жылғы "__" _______ жағдай бойынша Әлеуметтік сақтандырудың

      мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар бойынша мынадай мөлшерде:

      теңге

Атауы

Берешектің барлық сомасы

Негізгі төлем сомасы

Өсімпұл сомасы

Әлеуметтік аударымдар




      берешегіңіздің бар екендігі туралы хабарлайды.

      Әлеуметтік кодекстің 27-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Сіз әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынуға міндеттісіз.

      Әлеуметтік кодекстің 256-бабының 5-тармағына сәйкес әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына ұсынады.

      Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген кезде Әлеуметтік кодекстің 3 және 6 тармақтарына сәйкес

      ________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      1) төлеушіге хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң төлеушінің банктік шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын:

      банктік шоттар бойынша – әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасы шегінде;

      касса бойынша – кейіннен әлеуметтік аударымдарды, оларды уақтылы төлемегені үшін өсімпұлды төлеу есебіне аудару үшін қолма-қол ақшаны екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға төлеу және тапсыру жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операциялары бойынша төлеушінің шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді;

      2) әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомаларын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушінің банктік шоттарынан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.

      Бұл ретте Сізге Әлеуметтік кодекстің 256-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда өсімпұл есептеледі.

      Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 92-бабына сәйкес әкімшілік жазалау шаралары қолданылатын болады.

      Мемлекеттік кірістер органның басшысы (басшының орынбасары)

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты, қолы, мөрі)

      Хабарламаны алды _______________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты немесе

      ____________________________________________________________________

      төлеушінің / төлеушінің лауазымды тұлғасының атауы,

      ____________________________________________________________________

      қолы, мөрі (жеке әсіпкерлік субъектілеріне жататын

      ____________________________________________________________________

      заңды тұлғаларды қоспағанда), күні)

      Хабарлама төлеушіге табыс етілді ___________________________________

      (мемлекеттік кірістер органы лауазымды

      _____________________________________________________________________

      адамының (тегі, аты және әкесінің аты, қолы, күні)

      Хабарлама төлеушіге жіберілді _____________________________________

      (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қаржы министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 341 Бұйрығына
2 қосымша
  Нысан

Әлеуметтік аударымдарды төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 01.03.2024 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ жылғы "___" ________                                     № ________

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 256-бабының 3-тармағына сәйкес

      __________________________________________________________________________

                        (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе

      төлеушінің толық атауы, жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), заңды

      мекенжайы)

      төлеушінің кассасы бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатады.

      Төлеуші осы өкімді алған сәттен бастап келіп түскен барлық қолма-қол ақша олар келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорацияға есепке жатқызға тиіс.

      Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 92-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тарту шаралары қолданылады.

      Мемлекеттік кірістер органның басшысы (басшының орынбасары)

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, мөрі)

      Өкімді алды

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе

      төлеушінің / төлеушінің лауазымды адамының атауы, қолы, мөрі (жеке кәсіпкерлік

      субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда), күні)

      Өкім төлеушіге табыс етілді

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке

      басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, күні)

      Өкім төлеушіге жіберілді

      __________________________________________________________________________

                  (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қаржы министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 341 Бұйрығына
3-қосымша
Нысан

Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы туралы хабарлама

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 21.01.2026 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) бұйрығымен.


20__ жылғы "___" ________


№ ______________

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік

      кодекс) 256-бабының 2-тармағына сәйкес

      ________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      Сізге

      ____________________________________________________________________

      (агенттің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын

      ____________________________________________________________________

      куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      _____________________________________________________________________

      (бұдан – әрі тегі, аты және әкесінің аты)

      _____________________________________________________________________

      немесе толық атауы, жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі,

      _____________________________________________________________________

      заңды мекен-жайы)

      20__ жылғы "__" ______ жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына

      міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары,

      міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша мынадай мөлшерде

      теңге

Атауы

Берешектің барлық сомасы

Негізгі төлем сомасы

Өсімпұл сомасы

Міндетті зейнетақы жарналары




Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары




Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары




Барлығы




      берешегіңіздің бар екендігі туралы хабарлайды.

      Әлеуметтік кодекстің 40-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Сіз міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімін ұсынуға міндеттісіз.

      Әлеуметтік кодекстің 256-бабының 5-тармағына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімін міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда агент өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына ұсынады.

      Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда

      _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      1) төлеушіге хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң агентке банктік шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын:

      банктік шоттар бойынша – міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы шегінде;

      касса бойынша – кейіннен міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, оларды уақтылы төлемегені үшін өсімпұлды төлеу есебіне аудару үшін қолма-қол ақшаны екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға төлеу және тапсыру жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операциялары бойынша төлеушінің шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді;

      2) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомаларын пайдасына берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей банктік шоттардан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.

      Бұл ретте Сізге Әлеуметтік кодекстің 256-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда өсімпұл есептеледі.

      Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабына сәйкес әкімшілік жазалау шаралары қолданылады.

      Мемлекеттік кірістер органның басшысы (басшының орынбасары)

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты, қолы, мөрі)

      Хабарламаны алды

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты немесе

      ____________________________________________________________________

      төлеушінің / төлеушінің лауазымды тұлғасының атауы,

      ____________________________________________________________________

      қолы, мөрі (жеке кәсіпкерлік

      ____________________________________________________________________

      субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда), күні)

      Хабарлама агентке тапсырылды

      ________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының

      _____________________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты, қолы, күні)

      Хабарлама агентке жіберілді

      ________________________________________________________________

      (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қаржы министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 341 Бұйрығына
4 қосымша
  Нысан

Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша өтілмеген берешегі бар агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 01.03.2024 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ жылғы "___" ________                                     № ________

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 256-бабының 3-тармағына сәйкес

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                  (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе

      төлеушінің толық атауы, жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН),

      заңды мекенжайы)

      агенттің кассасы бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатады.

      Осы өкімді алған кезден бастап агент келіп түсетін барлық қолма-қол ақшаны, олар келіп түскен күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорацияға есепке жатқызға тиіс.

      Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тарту шаралары қолданылады.

      Мемлекеттік кірістер органның басшысы (басшының орынбасары)

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе),

      қолы, мөрі)

      Өкімді алды

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе

      агенттің/агенттің лауазымды адамының атауы, қолы, мөрі (жеке кәсіпкерлік

      субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда), күні)

      Өкім агентке табыс етілді

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты

      (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, күні)

      Өкім агентке жіберілді

      __________________________________________________________________________

                  (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-министрінің
Бірінші орынбасары –
Қаржы министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 341 Бұйрығына
5-қосымша
нысан

Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомасы туралы хабарлама

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 21.01.2026 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) бұйрығымен.


20__ жылғы "___" ________


№ ______________

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабы 2-тармағына сәйкес

      ________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      Сізге ___________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке

      ____________________________________________________________________

      басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      _____________________________________________________________________

      (бұдан әрі – тегі, аты және әкесінің аты)

      _____________________________________________________________________

      немесе толық атауы, жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі,

      _____________________________________________________________________

      заңды мекен-жайы)

      20__ жылғы "___" __________ жағдай бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру

      қорына аударымдар және (немесе) жарналар бойынша мынадай мөлшерде:

      теңге

Атауы

Берешектің барлық сомасы

Негізгі төлем сомасы

Өсімпұл сомасы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар




      берешегіңіздің бар екендігі туралы хабарлайды.

      Заңның 31-бабы 4-1-тармағына сәйкес Сізге аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жұмыскерлердің тізімін ұсыну қажет. Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабарлама жіберген мемлекеттік кірістер органына көрсетілген тізімді ұсынады.

      Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда

      ________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      1) төлеушіге хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң төлеушінің банктік шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын:

      банктік шоттар бойынша – аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомасы шегінде;

      касса бойынша – кейіннен аударымдар және (немесе) жарналар, оларды уақтылы төлемегені үшін өсімпұлды төлеу есебіне аудару үшін қолма-қол ақшаны екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға төлеу және тапсыру жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операциялары бойынша төлеушінің шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді;

      2) аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жұмыскерлердің тізімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей банктік шоттардан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.

      Бұл ретте Сізге Заңның 31-бабы 1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда өсімпұл есептеледі.

      Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 92-1-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тарту шаралары қолданылады.

      Мемлекеттік кірістер органның басшысы (басшының орынбасары)

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты, қолы, мөрі)

      Хабарламаны алды

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты

      _____________________________________________________________________

      немесе төлеушінің/төлеушінің лауазымды

      _____________________________________________________________________

      тұлғасының атауы, қолы, мөрі

      _____________________________________________________________________

      (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын

      _____________________________________________________________________

      заңды тұлғаларды қоспағанда), күні)

      Хабарлама төлеушіге тапсырылды

      ________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты, қолы, күні)

      Хабарлама төлеушіге жіберілді _____________________________________

      (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қаржы министрінің
2020 жылғы 1 сәуірдегі
№ 341 Бұйрығына
6 қосымша
  Нысан

Аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 01.03.2024 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ жылғы "___" ________                                     № ________

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 3-тармағына сәйкес

      __________________________________________________________________________

                        (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      _________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе

      төлеушінің толық атауы, жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН),

      заңды мекенжайы)

      төлеушінің кассасы бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

      Төлеуші осы өкімді алған сәттен бастап келіп түскен барлық қолма-қол ақша олар келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорацияға есепке жатқызға тиіс.

      Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 92-1-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тарту шаралары қолданылады.

      Мемлекеттік кірістер органының басшысы (басшының орынбасары)

      _________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе),

      қолы, мөрі)

      Өкімді алды

      _________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      немесе агенттің/агенттің лауазымды адамының атауы, қолы, мөрі

      (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда), күні)

      Өкім төлеуші табыс етілді

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты

      (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы, күні)

      Өкім төлеуші жіберілді

      __________________________________________________________________________

                        (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады