БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бақылау-касса машиналарын қолдануға байланысты кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37238 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 111-бабы 2 және 5-тармақтарына, 113-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 368) және 374) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар тізбесінде:
1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексі (бұдан әрі – Салық кодексі) 111-бабының 2 және 5-тармақтарына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 368) және 374) тармақшасына сәйкес әзірленді және бақылау-касса машинасын қолдану тәртібін және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар тізбесін айқындайды.
2. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
1) бақылау-касса машинасын фискалдық деректер операторының бағдарламалық-аппараттық кешеніне VPN арқылы қосу – бақылау-касса машиналарын рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз ететін клиент пен сервер дұрыс сәйкестендірулері бар арнайы қорғалған байланыс арнасы бойынша фискалдық деректер операторының серверіне қосу;
2) мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы – "цифрлық үкіметтің" инфрақұрылымына кіретін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де цифрлық орта субъектілерінің оқшау (интернетке қолжетімділігі бар оқшау желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерінің өзара іс-қимыл жасауын киберқауіпсіздіктің қажетті деңгейін сақтай отырып қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі;
3) қызметті көрсетуші – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы аудандық, қалалық және қалалардағы аудандық аумақтық органдары;
4) қызметті алушы – салық төлеуші немесе қызмет алушымен еңбек қатынастарында тұрған не оның атынан сенімхат, шарт немесе өзге де заңды негізде әрекет ететін, сатып алушымен (клиентпен) бақылау-кассалық машина қолдану арқылы қолма-қол ақшамен есеп айырысуды жүзеге асыратын және оның жұмысын қамтамасыз ететін тұлға;
5) қызметтерді көрсету шарты – салық төлеушіге фискалдық деректер операторының қызмет көрсету талаптарын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте салық төлеуші мен фискалдық деректер операторы арасында келісім жасалғанын растайтын қағаз және/немесе электронды түрдегі құжат;
6) "Салықтық әкімшілендіруді интеграцияланған жүйесі" цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "СӘИЖ" ЦЖ) – деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын есепке қоюды, тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтерді өзгертуді және есептен шығаруды қамтамасыз ететін мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық жүйесі;
7) токен – фискалдық деректер операторының серверіне ақшалай есеп айырысулар туралы деркетерді беру кезінде бақылау-касса машиналарын сәйкестендіру және рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғау үшін фискалдық деректер операторының сервері генерациялаған сандық код;
8) уәкілетті орган – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
9) фискалдық деректер операторы – ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша салық органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін, фискалдық деректер операторларының тізбесіне енгізілген заңды тұлға;
10) фискалдық деректер операторының порталы – мынадай міндеттерді шешу үшін қажетті фискалдық деректер операторының интернет-ресурсы, фискалдық деректер операторының бағдарламалық-аппараттық кіші жүйесі: ұйымды тіркеу, уәкілетті органда бақылау-касса машиналарын тіркеу, ұйымның пайдаланушыларын басқару, бақылау-касса машиналарымен жұмыс істеу үшін токен беру, фискалдық операцияларды, ұйымның кассалары бойынша Х және Z есептерді қарау, фискалдық белгіні немесе бақылау чегінің дербес кодын тексеру;
11) фискалдық белгі – бақылау-касса машинасының фискалдық режимде жұмыс істейтінін растау ретінде бақылау-касса машинасының чектерінде көрсетілетін айрықша символ;
12) хабарлама – ХML форматындағы хабарламаның тақырыбы мен денесінен тұратын және фискалдық деректер операторының цифрлық жүйесінен ақпаратты "СӘИЖ" ЦЖ және керісінше беру үшін қызмет ететін құрылым;
13) "цифрлық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЦҮШ) – цифрлық объектілерін өзге де цифрлық объектілермен интеграциялауға арналған цифрлық объект "цифрлық үкіметтің" шлюзі;
14) "цифрлық үкіметтің" сыртқы шлюзі (бұдан әрі – ЦҮСШ) – мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасындағы цифрлық объектілердің мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасынан тыс орналасқан цифрлық объектілермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған "цифрлық үкімет" шлюзінің кіші жүйесі;
15) "Smart Data Finance" цифрлық жүйесі – деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды, сақтауды қаматамасыз ететін мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық жүйесі;
16) Virtual Private Network (бұдан әрі – VPN) – екі тораптың ақпаратпен алмасуға арналған виртуалды жеке желі;
17) VLAN (ағыл.VirtualLocalAreaNetwork) – бұл виртуалды жергілікті желі (физикалық тұрғыда түрлі сегменттерде орналасқан, бірақ логикалық тұрғыда бір-бірімен байланысты және бір кеңтаралымды доменге біріктірілген желілік ресурстар тобы).
3. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші деректерді цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметті көрсету мониторингі цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілген қызметті беруші Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына және "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым операторына жібереді.
4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтерден тұратын цифрлық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын цифрлық жүйелерде іркіліс болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақауларды жоюды қамтамасыз етеді және тиісті уәкілетті тұлғаларды 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызметті алушы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есепке қоюға арналған мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің "СӘИЖ" ЦЖ-ге фискалдық деректер операторының интернет-ресурсы арқылы не "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде жолдайды.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Көрсетілетін қызметті алушы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтерді өзгертуге арналған мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің "СӘИЖ" ЦЖ-ге фискалдық деректер операторының интернет-ресурсы арқылы не "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде жолдайды.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Көрсетілетін қызметті алушы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есептен алу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің "СӘИЖ" ЦЖ-ге фискалдық деректер операторының интернет-ресурсы арқылы не "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде жолдайды.";
28-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Фискалдық есепті алу кезінде деректері көрсетілетін қызметті берушінің "СӘИЖ" ЦЖ-ге енгізілуге жататын фискалдық есепті алу актісі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.";
44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Интеграциялық өзара іс-қимыл объектілері болып "СӘИЖ" ЦЖ және фискалдық деректер операторының цифрлық жүйесі табылады (бұдан әрі – ФДО ЦЖ).
"СӘИЖ" ЦЖ және ФДО ЦЖ өзара іс-қимылы ЦҮСШ, ЦҮШ және мемлекеттік кірістер органының интеграциялық шина (бұдан әрі – ИШ) арқылы жүзеге асырылады.
45. Комитет деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы бойынша ФДО ЦЖ мәліметтерінің негізінде Салық кодексінің 111-бабы 3-тармағының 1-тармақшасында көзделген бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасының мәліметтерін есепке қоюды, өзгертуді және бақылау-касса машинасын есептен шығаруды жүзеге асырады.
"СӘИЖ" ЦЖ және ФДО ЦЖ арасындағы интеграциялық өзара іс-қимыл осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы туралы мәліметтерді сипаттауға сәйкес ЦҮСШ/ЦҮШ және ИШ арқылы хабарламалармен жүзеге асырылады.";
47, 48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналар модельдерінің анықтамасы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "СӘИЖ" ЦЖ арқылы ФДО ЦЖ жолданады.
48. "СӘИЖ" ЦЖ мен ФДО ЦЖ арасында өзара іс-қимылы XML хабарламалармен ЦҮСШ/ЦҮШ және ИШ арқылы веб-сервистер технологиясын пайдалана отырып асинхронды режимде жүзеге асырылады.
49. "СӘИЖ" ЦЖ мен ФДО ЦЖ арасындағы ақпараттық алмасудың техникалық талаптары Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес ЦҮСШ, ЦҮШ арқылы "СӘИЖ" ЦЖ-нің ФДО ЦЖ-мен интеграциясы бойынша жеке Келісіммен айқындалған.";
50-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "СӘИЖ" ЦЖ және ФДО ЦЖ, ЦҮСШ, ЦҮШ, ИШ ақпараттық өзара іс-қимылды тәжірибелік пайдалануды жүргізу;";
51-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Хабарламаларды жіберу және алу фактілері мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы электрондық байланыс арнасы бойынша деректерді беру кезінде цифрлық жүйелермен көзделген деректер алмасу хаттамасында тіркеледі.";
53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Хабарламаны жіберу куәлігі жөнелтушінің ЦҮШ-дан, ИШ-дан алған хабарламаны жеткізу туралы хабарлама болып табылады. Ақпарат алмасу алушыдан жауап хабарламаны алған кезде аяқталады.";
54-тармағына мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Интеграциялық алмасудың техникалық іркілістері туындаған кезде, ФДО ЦЖ бен "СӘИЖ" ЦЖ арасындағы өзара іс-қимыл Комитет пен ФДО бекіткен регламентке сәйкес жүзеге асырылады.";
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Бақылау-касса машинасының чегі мынадай ақпаратты:
1) салық төлеушінің атауын;
2) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайын;
3) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;
4) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;
5) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;
6) чектің реттік нөмірін;
7) ұлттық тауарлар каталогына сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;
8) ұлттық тауарлар каталогына сәйкес тауардың сәйкестендіру коды және таңбалауға және тауарлардың қадағалануы тиіс тауарларға салынған сәйкестендіру құралы туралы мәліметтерді;
9) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;
10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасын;
11) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;
12) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін;
13) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақытты;
14) фискалдық белгіні;
15) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын;
16) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 12) және 16) тармақшаларының ережелері деректер беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарының чектеріне қолданылмайды.
Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау пунктерінде, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының чегі сату сомасы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қосымша қамтуға тиіс.
Медициналық қызметтер көрсетілген кезде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинсының чегінде медициналық қызметтерді алушының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.";
61-тармағына мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер деректерді цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.";
76-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) фискалдық деректер операторының қызметін астанада, барлық облыста (нөмірлеудің географиялық аймақтарында) және республикалық маңызы бар қалаларда қамтамасыз ету.";
83-тармағына мынадай редакцияда жазылсын:
"83. ФДО ЦЖ серверінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі ішінде мынадай мәліметтерді сақтау қамтамасыз етіледі:
1) салық төлеушінің өтінішінде көрсетілген тіркеу деректері;
2) бақылау-касса машинасының тіркеу деректері;
3) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылған әрбір ақшалай есеп айырысу туралы ақпарат;
4) әрбір бақылау-касса машинасының токенінің ағымдағы қолданыстағы мәні;
5) әрбір ақшалай есеп айырысудың фискалдық белгісі.";
86, 87 және 88-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"86. Бақылау-касса машинасының ФДО ЦЖ серверімен және ФДО ЦЖ серверінің "Smart Data Finance" цифрлық жүйесінің серверімен ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желісінің байланыс арнасы рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғалуы тиіс:
1) клиент пен сервердің дұрыс сәйкестендірілуі;
2) бағдарламалық және/немесе бағдарламалық-аппараттық ақпаратты қорғау құралдарын пайдаланылуы тиіс.
87. ФДО Комитетке беретін ақпаратты қалыптастыру:
1) мерзімді негізде әрбір бақылау-касса машинасы бойынша "Smart Data Finance" цифрлық жүйесінің серверіне күнделікті жинақтаушы есептерді беретін;
2) "Smart Data Finance" цифрлық жүйесі берілген деректердің синхрондылығы мен толықтығын бақылайтын деректер алмасу модулінде жүргізіледі.
88. Бақылау-касса машинасы ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беруді қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасының техникалық талаптарына және техникалық талаптарға сәйкестігі нысанына сәйкес ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді ФДО ЦЖ-нің серверіне береді.";
90-тармағына мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Уәкілетті органның бақылау өлшемдерінің модулі бақылау өлшемдеріне сәйкес уақыт аралығында "Smart Data Finance" цифрлық жүйесінің серверіне келіп түскен ақпаратты талдайды және есептерді уәкілетті орган қызметкерлеріне береді.
ФДО ЦЖ мен "Smart Data Finance" цифрлық жүйесі арасындағы ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтермен ақпараттық алмасуға қойылатын техникалық талаптар ЦҮСШ және ЦҮШ пайдаланбай, "Smart Data Finance" цифрлық жүйесін ОФД ЦЖ-мен интеграциялау жөніндегі жеке Келісіммен айқындалған.";
көрсетілген Қағидаларға 1 қосымша осы бұйрықтың 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 13-қосымшада:
Ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беруді қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасының техникалық талаптары мен техникалық талаптарына сәйкестік нысандарында:
реттік нөмірі 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
35 | QR-кодты қалыптастыру жолының форматы мынадай маскаға сәйкес болуы тиіс: Протокол://URL?i=Фискальный признак&f=РНМ&s=сумма теңге.тиын&t=датаTвремя". |
";
реттік нөмірі 68-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
68 | QR-кодты қалыптастыру жолының форматы мынадай маскаға сәйкес болуы тиіс: Протокол://URL?i=Фискальный признак&f=РНМ&s=сумма теңге.тиын&t=датаTвремя. |
";
реттік нөмірі 112-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
112 | QR-кодты қалыптастыру жолының форматы мынадай маскаға сәйкес болуы тиіс: Протокол://URL?i=Фискальный признак&f=РНМ&s=сумма теңге.тиын&t=датаTвремя. |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фискалдық деректер операторын тізбеге енгізу және тізбеден шығару қағидаларында:
екінші бөліктің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыратын уәкілетті орган берген байланыс саласында қызметтер көрсетуге арналған лицензия немесе тиісті байланыс қызметтерін көрсетуге қолданыстағы лицензиясы бар заңды тұлғамен шарт;
2) киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижелері бар сынақ хаттамалары;";
екінші бөліктің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге арналған лицензия, не қолданыстағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығымен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмыстар туралы шарт.";
6-тармағына мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тізбеге енгізу үшін заңды тұлғаның осы Қағидалардың 4-тармағы 1) және 2) тармақшаларында белгіленген шарттарды сақтамағаны анықталған жағдайда Комитет Тізбеге енгізу туралы өтініш қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде заңды тұлғаны осы Қағидаларда айқындалған шарттарға сәйкессіздікті жою қажеттігі және оларды жоймаудың салдары туралы хабардар етеді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкестендіру мерзімі хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Егер заңды тұлға осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзімде осы Қағидаларға сәйкессіздікті жоймаған жағдайда, Комитет Тізбеге енгізу туралы өтінішті одан әрі қараудан уәжделген бас тартуды жолдайды.
Комитет Тізбеге енгізу туралы өтініш және осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды цифрландыру саласындағы уәкілетті органға келісуге жолдайды.
Цифрландыру саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды олар келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды және Комитетке келісу туралы не келісуден бас тарту қорытындыны жолдайды.
Комитет өтінішті қарау нәтижелері бойынша цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Тізбеге енгізу не енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және заңды тұлғаны осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мерзімге сәйкес қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етеді.
Тізбе Комитеттің ресми интернет-ресурсына енгізу туралы (енгізуден бас тарту) шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналастырылады.
Комитеттің бас тартуы анықталған бұзушылықтар жойылған жағдайда заңды тұлғаны Тізбеге енгізу туралы өтінішті қайта беруге өтініш берушіні шектемейді.";
7-тармақтың 3) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты емес шетелдік азамат – жеке тұлға немесе азаматтығы жоқ адам не оның Қазақстан Республикасының аумағында болуының рұқсат етілген мерзімі аяқталса;";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптарында:
2-Тарау. Фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптары мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Фискалдық деректер операторы бір мезгілде мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғаны айқындайды:
1) байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыратын уәкілетті орган берген байланыс саласында қызметтер көрсетуге арналған лицензия немесе тиісті байланыс қызметтерін көрсетуге қолданыстағы лицензиясы бар заңды тұлғамен шарт негізінде қызметті жүзеге асыратын;
2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды, өңдеуді және беруді жүзеге асыратын техникалық құралдарды орналастыру үшін пайдаланылатын меншік құқығындағы не уақытша пайдалану құқығындағы жылжымайтын мүлік объектілері (ғимарат, ғимарат, үй-жай);
3) меншік құқығында не уақытша пайдалану құқығында ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желілері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына қабылдауға, өңдеуге және беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешені бар; "4) киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижелері бар сынақ хаттамалары бар;
4) киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижелері бар сынақ хаттамалары бар;
5) ақпаратты криптографиялық қорғаудың сертификатталған құралдарын қолданатын;
6) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын;
7) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын әзірлеушілер, өндірушілер және жеткізушілер үшін деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының үлгілеріне тестілеу және сынақтар жүргізуге арналған сынақ алаңы бар;
8) тәулік бойы тегін деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын салық төлеушілерге ақпараттық және техникалық қолдауды қамтамасыз ететін консультациялық-ақпараттық қызмет;
9) домендік атауы фискалдық деректер операторына тиесілі интернет-ресурсы бар;
10) цифрлық технологиялар және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес келетін деректерді өңдеу орталығында (орталықтарында) орналасқан бағдарламалық-аппараттық кешені бар;
11) ақпараттың таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензиясы бар, не қолданыстағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығымен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмыстар туралы шарт.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"Бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі – БКМ) есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: |
1. Есепке алу бақылау-касса машиналарын; |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету орталығы арқылы; |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
1) БКМ есепке қою – 2 (екі) жұмыс күні ішінде: |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны |
1)қағаз – деректерді беру функциясы жоқ БКМ |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Осы бұйрықпен бекітілген Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машиналары чегінің мазмұнына қойылатын талаптардың 2-қосымшаға сәйкес тіркеу карточкасын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсету кезінде осы Тізбенің 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Мерекелер туралы Заң) демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.30-ден 18.00-ға дейін. |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1. Деректерді беру функциясы жоқ БКМ есепке қою кезінде: |
10 | Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемелері | Көрсетілетін қызметті алушының тіркеу мәліметтерін және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. |
11 | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
"Цифрлық үкімет" веб-порталында іркілістер не техникалық ақаулар анықталған жағдайда Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет. |
Фискалдық деректер операторының тізбесіне қосу туралы өтініш
Фискалдық деректер операторының тізбесіне қосуды сұраймын, растау құжаттарының көшірмелерінің тізбесіне қоса беріледі:
1) байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыратын уәкілетті орган берген байланыс саласында қызметтер көрсетуге берілген лицензия немесе тиісті байланыс қызметтерін көрсетуге қолданыстағы лицензиясы бар заңды тұлғамен шарт;
2) киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижелері бар сынақ хаттамалары;
3) меншік құқығын растайтын құқық белгілейтін құжат не жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жедел режимде ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, өңдеу және беру үшін бағдарламалық-аппараттық кешенді уақытша пайдалану құқығын растайтын құжат (бұл ретте бағдарламалық-аппараттық кешенді уақытша пайдалану мерзімі Тізбеге енгізуге өтініш берген күннен бастап үш жылдан кем емес уақытты құрауы тиіс);
4) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды, өңдеуді және беруді жүзеге асыратын техникалық құралдарды орналастыру үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлік объектілеріне (ғимаратқа, құрылысқа, үй-жайға) меншік құқығын немесе уақытша пайдалану құқығын растайтын құқық белгілейтін құжат (бұл ретте жылжымайтын мүлік объектісін уақытша пайдалану мерзімі Тізбеге енгізуге өтініш берген күннен бастап үш жылдан кем емес уақытты құрауы тиіс);
5) ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесінің қауіпсіздік талаптарына сәйкес сертификат ҚР СТ ISO/IEC 27001-2023 "Ақпараттық технология. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері";
6) ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге арналған лицензия, не қолданыстағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығымен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмыстар туралы шарт.
Мен, ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауға, өңдеуге және мемлекеттік кірістер органдарына жедел режімде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешенді деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарымен өзара іс-қимыл хаттамасына сәйкес өзара іс-қимылды растайтын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауға, өңдеуге және мемлекеттік кірістер органдарына жедел режімде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешенін көрсетуге дайын екендігімді растаймын.
Басшы
_________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын
құжатта көрсетілсе))
20__ жылғы "__" ____________
Өтініш қарауға қабылданды 20__ жылғы "__" ______________
_________________________________________________________________
(жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты
куәландыратын құжатта көрсетілсе))
